Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәленов Жақыпов ісі бойынша сот шешімі күшіне енген соң отставкаға кетуге дайын

Опубликовано:

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сенат кулуарында Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асленбек Жақыповтың ісі бойынша сот шешімі күшіне енген соң отставкаға кетуге дайын екенін айтты. Оған қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасады деген айып тағылуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Руслан Дәленов. Фото: inbusiness.kz
Руслан Дәленов. Фото: inbusiness.kz: Facebook
"Сот шешімі күшіне енген соң мен отставкаға кетемін", - деді Дәленов.

Сондай-ақ, министр Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоластындағылар үшін басшылар жауап беруі қажет деген мәлімдемесі дұрыс екенін айтты.

"Бұл өте дұрыс тактика. Отставкаға кету- бірінші басшының моральдық міндеті. Оның қаншалықты кінәлі екенін жоғарыда тұрған басшылық анықтайтын болады", - деді ол.

Айта кетейік, күні кеше Нұр-Сұлтанның Есіл ауданы аудандық сотында Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаменті директоры Асланбек Жақыповқа қатысты сот тыңдалымдары аяқталды.

Асланбек Жақыпов. Фото: neonomad.kz
Асланбек Жақыпов. Фото: neonomad.kz: Instagram

Сот бұрынғы шенеунікті Қылмыстық Кодекстің 190- бабы, 3 -бөлімі, 2- тармағы бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар, ол сот органдарында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде, оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда, оның ішінде ұлттық-басқарушы қорларда, холдингтерде, институттарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.

Жақыпов жазасын орта деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

"Жақыповқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертіліп, сот залында қамауға алынсын. Жазаны өтеу мерзімі 2019 жылдың 29 мамырынан есептеледі. Жақыповтан жәбірленуші үшін Қазақстан заңнамасында көсрсетілгендей, мемлекет пайдасына мәжбүрлі түрде 20 АЕК көлеміндегі төлем өндірілу қажет", - деді судья.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1796823-dlenov-zakypov-isi-bojynsa-sot-sesimi-ksine-engen-so-otstavkaga-ketuge-dajyn/

pixel