Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан барысы - 2019" атанған балуан қанша қаражат алады?

Опубликовано:

Биылғы жылы тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған "Қазақстан барысы" жарысында жеңімпаз атанған балуанның қанша ұтысқа ие болатыны белгілі болды. Бұл жайында қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: "Qazsport" арнасы
Фото: "Qazsport" арнасы: Instagram

2019 жылы ұйымдастырылатын жобаның жүлде қоры - 41 млн теңге. Ал жарыс жеңімпазы атанған балуан 25 млн теңгеге ие болмақ.

Арман Шораевтың айтуынша, бәсекеге еліміздің 14 облысынан әрі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен әскери құрылымдардан іріктеуден өткен 36 үздік балуан қатысады.

"Жарыстың жүлдеқоры - 41 миллион теңге. Өткен жылдары жүлде қоры одан да қомақты болғанын білесіздер. Бірақ елімізде 2-3 рет девальвация болды. Осыдан жүлде қоры азайды. Бірақ бұл да қомақты ақша.
Бірінші орын алған балуанға 25 миллион теңге беріледі", - дейді Арман Шораев.

Айта кетейік, "Қазақстан барысы - 2019" жобасы 8 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы "Барыс Арена" мұз сарайында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796693-kazakstan-barysy---2019-atangan-baluan-kansa-karazat-alady/

pixel