Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дания Еспаева да теледебатқа қатыспайтын болды

Опубликовано:

Қазақстан президенттігіне үміткер Дания Еспаева бүгін өтетін теледебатқа қатыспайды. Бұл туралы zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: КТК
Фото: КТК: Twitter

"Ақ жол" партиясының баспасөз қызметінде хабарлағандай, үміткер Еспаеваның сапарлары мен іс-шараларының желілік кестесі теледебатты өткізу туралы ақпарат белгілі болғанға дейін жоспарланып қойған.

"Біз бірден Орталық сайлау комиссиясына Дания Еспаеваның сол күні сапарда болатынын және теледебатқа қатыса алмайтынын хабарладық...", - деп мәлімдеді партияның баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, дебатқа кандидат өкілінің қатысуға мүмкіндігі бар. Сондықтан, пікірталаста Еспаеваны "Ақ жол" партиясының басшысы Азат Перуашев таныстырады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та сайлауалды теледебатқа қатыспайды.

Еске сала кетейік бүгін, 29 мамырда президенттікке үміткерлер арасында сайлау алдындағы пікірталас өтеді. Теледебатты "Хабар" арнасы кешкі сағат 18-00 де тікелей эфирден көрсетеді.

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына жеті кандидатты тіркеген. Олардың қатарында: Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыбек Түгел, Амангелді Таспихов, Дания Еспаева, Төлеутай Рақымбеков, Жамбыл Ахметбеков және Әміржан Қосанов бар.

Кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 11 мамырдан 7 маусымға дейін жалғасады. Тыныштық күні 8 маусымда басталады.

ҚР Президентінің сайлауы 9 маусымда өтеді. Алдын ала қорытынды 10-11 маусымда жасалады. Сайланған президентті тіркеу 16 маусымнан кешіктірілмей жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1796646-dania-espaeva-da-teledebatka-katyspajtyn-boldy/

pixel