Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп бітіруші қызбен вальс билеген Нұрболат Абдуллин желіні шулатты

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Нұрболат Абдуллиннің соңғы қоңырауда жас түлекпен вальс билеген видеосы тарап кетті. Әншінің ақ бантикті арумен билеген сәті kaz_stars парақшасында жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин. Фото: Видеодан кадр, әншінің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Нұрболат Абдуллин. Фото: Видеодан кадр, әншінің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Желі қолданушылары видеодағы оқушы қыздың орнында болуды армандап, жарыса пікір білдірген.

"Өте керемет", "Мына қызда арман жоқ шығар", "Соңғы қоңырауда мына әніңіз жараса кетіпті", "Менің де Нұрболатпен вальс билегім келеді", "Мектепті ақ бантик, ақ фартукпен осылай қоштасу керек" ,- деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы Нұрболат Абдуллинге жұбайы екінші рет қыз сыйлады. Әнші сәбиге Табиғат деп есім беріп, мамыр айында нәрестені қырқынан шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1796578-mektep-bitirusi-kyzben-vals-bilegen-nrbolat-abdullin-zelini-sulatty-video/

pixel