Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орынсыз сұрақ": Шәмшидинова отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Білім министрі Ұлттық тестілеу орталығы басшыларының парамен ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады. Қол астындағы қызметкерлердің дауға іліккеніне қарамастан, Күләш Шәмшидинова отставкаға кетпейтінін баса айтты деп хабарлайды КТК арнасы.

Ұлттық тестілеу басшысының дауынан кейін Шәмшидинова отставкаға кетуге қатысты пікір білдірді
Күләш Шәмшидинова Фото: BNews.kz: UGC

Білім және ғылым министрілігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы бас директоры пара ретінде шетелдің тоғыз миллион теңге тұратын қымбат көлігін алды деген күдікке ілінді.

Ол орталықты 2016-2017 жылдардың аралығында басқарған.

Осыдан кейін тағайындалған Рамазан Әлімқұлов та сот шешімімен екі айға қамауға алынды.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, ол 2017-2018 жылдары делдал арқылы жүйелі түрде ауызбастырық алып отырған.

"Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Сол себепті, оның қорытындысын күтуіміз керек. Ал отставкаға кету жайлы айтарым: Өздеріңіз білесіздер, министр қызметіне кіріскеніме небары үш ай ғана болды. Сондықтан сұрағыңыз орынсыз деп ойлаймын", - деді Күләш Шәмшидинова.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1796525-orynsyz-srak-smsidinova-otstavkaga-ketuine-katysty-pikir-bildirdi/

pixel