Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында денесіне оқ тиген азаматтың мәйіті табылды

Опубликовано:

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу елді мекенінде 59 жастағы азаматтың денесі табылды. Ол оқ жарақатынан қайтыс болған деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысында оқ жарақатын алған тұрғынның мүрдесі табылды
Көрнекі фото: marionetki.net: UGC

Аталмыш факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің "Кісі өлімі" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Бұл қылмысты ашу үшін Жаңаарқа ауданының ең білікті мамандарынан құралған жедел тергеу тобы ұйымдастырылды.

Тергеуді облыстың полиция басшылығы мен прокуратура өз бақылауына алды.

Басқа ақпарат қылмыстық процедуалды кодекстің баптарына сәйкес жарияланбайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1796466-karagandy-oblysynda-denesine-ok-tigen-azamatty-mjiti-tabyldy/

pixel