Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуімді сағындым": Құдағилардың кесірінен ажырасқан келіншек мұңын шақты

Опубликовано:

Құдағилардың кесірінен күйеуімен ажырасып тынған келіншек жан сырын ақтарды. Ол қазір күйеуін қатты сағынып жүргенін жеткізді деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: pravoslavie.fm
Көрнекі фото: pravoslavie.fm: Facebook

Жұбайынан жыраққа жеткен әйел сағыныштан жарылатын шығармын дейді. Оның айтуынша, екі жастың айырылысуына қос құдағи кінәлі екен.

"Мен күйеуімді сағынып жүрмін, біз бір жыл бұрын ажырасқанбыз. Арада қызым бар. Бізге себеп анам мен енем. Анам менің, енем күйеуімнің миын жегендіктен ажырап отырмыз. Түсініп отырған шығарсыздар. Енем мені, анам күйеу баласын жек көреді. Бірақ мен енеммен тұрамын. Анаммен сөйлеспей қоюға болады. Бірақ енемнен қаша алмағандықтан ажырастық. Бір-бірімізді сүйеміз", - дейді ол.

Әйелін қимаған азамат оған үнемі телефонмен хабарласып тұрады екен.

"Маған келіп тұрды, қызын көріп тұратын. Үш ай хабарсыз кетті. Міне, тағы хабарласып, қайтасың ба дейді. Мамаң ше десем, "бірақ олар тағы бастайды. Біз бəрібір бақытты болмаймыз, қоя салайық" дейді.
Не істерімізді білмей жүрміз. Енді жүрегім ауырып жатыр. Қанша ұрса да, соқса да сүйемін оны. Анам мен енемді қалай көндіреміз?", - деп ағынан жарылды келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796325-kjeuimdi-sagyndym-kdagilardy-kesirinen-azyraskan-kelinsek-myn-sakty/

pixel