Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көлік жүргізушісі алты баланы қағып кетті

Опубликовано:

Шымкентте қаладағы автотұрақтардың бірінде "Opel Kadett" көлігінің жүргізушісі алты баланы қағып кеткен. Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: oka.fm
Көрнекі фото: oka.fm: Depositphotos

Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылғы 27 мамырында сағат 15.30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарлама келіп түскен.

Онда қаладағы автотұрақтардың бірінде "Opel Kadett" автокөлігінің жүргізушісі кәмелет жасқа толмаған балаларды қағып кеткені жайлы айтылған.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция тобының қызметкерлері автокөлік жүргізушісінің 6 жасөспірім баланы қағып кеткенін анықтады.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде бір жасөспірім қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қалған 5 бала жеңіл жарақат алып, үйлеріне қайтарыған.

Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы, 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796304-symkenttegi-klik-traktaryny-birinde-zrgizusisi-alty-balany-kagyp-ketken/

pixel