Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық түлектер жесір қалған көпбалалы анаға баспана сыйлады (фото)

Опубликовано:

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы №2 Ш.Уәлиханов атындағы мектепті бітіргеніне 20 жыл толған түлектер өткен жылы жесір қалып, балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған келіншек Айнұр Қалтұрсыноваға бір бөлмелі пәтер кілтін табыстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жалғызбасты ана осыған дейін пәтерден-пәтерге көшіп, күнелтіп келген.

Түлектер баспанасыз жүрген отбасыға қайырымдылық жасамақ болып өзара сондай шешімге келіпті. Олар алдымен қасиетті Рамазан айында ауызашар беріп, артынша келіншекке баспана кілтін табыстады.

Сонымен қатар, түлектер жалғызбасты ананың балаларына да сыйлық алуды ұмытпаған. Пәтерге ие болған келіншек қуаныштан көз жасын тыя алмады.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
Су жаңа баспағана ие болған отбасында 5 қыз, бір ұл тәрбиеленіп отыр. Үлкен перзенті - 13 жаста болса, кенжесі - 11 айлық. Отағасы өткен жылы дүниеден озған.

Еске салсақ, Түркістан облысында түлектер арасында көмекке мұқтаж жандарға баспана сыйлау дәстүрге айналды.

Өткен аптада Түлкібас пен Шардара аудандарында мектеп бітіргендеріне 10 және 20 жыл толған түлектер көпбалалы екі отбасыға баспана сыйға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796147-trkistandyk-tlekter-tagy-bir-kpbalaly-anaga-baspana-syjlady/

pixel