Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде дәрігер көру нені білдіреді?

Опубликовано:

Ақ халатты жандар ұйықтап жатқан адамның денсаулығы жайлы хабардар етеді. Сондай-ақ, адамның өзіне және айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын көрсетеді. Еnigma-project.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ дәрігерді көргенде түсті қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.

Түсіңізде дәрігер көру нені білдіреді?
Көрнекі фото: Еnigma-project.ru: Facebook

Түсіңізде дәрігерге шағымдарыңызды айтып отырсаңыз, онда көп ұзамай өміріңіздің барлық саласында қиындықтар туындайды деген сөз.

Ал дәрігердің нұсқаулықтарын үндемей тыңдау көп ұзамай беделді адамға қызмет көрсетіп, оның қолдауына ие боласыз деген сөз.

Түсіңіздегі ақ халаттының қандай дәрігер екеніне де мән берген жөн:

  • Тіс дәрігерлері алдану мен үлкен жанжал туралы ескертеді;
  • Логопедті көрсеңіз, әр сөзіңізге мән беріңіз. Көп сөйлемеңіз;
  • Хирургтерді көрсеңіз, біреулер сізге сес көрсетіп жүр;
  • Гинекологтар өміріңізде өзгерістер болады, жаңа сезімдердің құрсауына түсесіз;
  • Окулистер - өмір шындығын қабылдау керек деген сөз;
  • Жалпы тексеруден өту - күтпеген жаңалық.

Түсіңізде өзіңіз дәрігер болып, науқастарды қабылдап жатсаңыз, онда басқаларды ойлауды қойып, өз қажеттіліктеріңізге назар аудару керек дегенді білдіреді.

Емханада ұзақ кезекте тұрып, дәрігер қабылдауына кіре алмағаныңызды көрсеңіз, онда шынайы өмірде көптеген келеңсіздіктерге тап боласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1796137-tsiizde-driger-kru-neni-bildiredi/

pixel