Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық полиция басшысы педофилді ұстаған күзетшілерді марапаттады (фото)

Опубликовано:

Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев сауда үйінде кәмелет жасына толмаған қызды зорламақшы болған күдіктіні ұстап берген күзетшіні марапаттады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: Алматы ПД баспасөз қызметі
фото: Алматы ПД баспасөз қызметі: UGC

Серік Күдебаев "Вымпел Секьюрити Казахстан" ЖШС қызметкерлері Махмұтәли Тұрсын мен Нұртілеу Еркебұлан көмек сұраған аумаққа уақытылы барғанын, күдіктіні ұстағанын жеткізді.

фото: Алматы ПД баспасөз қызметі
фото: Алматы ПД баспасөз қызметі: Getty Images

Оның сөзінше, күзетшілер баланың өмірін құтқарып, қылмыскердің жолын кесті.

Күдебаев екі жігітке де алғысын айтты.

фото: Алматы ПД баспасөз қызметі
фото: Алматы ПД баспасөз қызметі: Getty Images
Сондай-ақ, Серік Күдебаев адал, батыл және жауапты қызметкерлерді тәрбиелегені үшін қауіпсіздік агенттігі мен оның басшылығына ризашылығын білдірді.
фото: Алматы ПД баспасөз қызметі
фото: Алматы ПД баспасөз қызметі: Getty Images

Махмұтәли Тұрсын мен Нұртілеу Еркебұлан "Қазақстан полициясына 25 жыл" төс белгісі мен алғыс хатқа ие болды.

Еске сала кетсек, MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында белгісіз ер адам әжетхана бөлмесінде кішкентай қыздарға тиісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795867-almatylyk-policia-bassysy-pedofildi-stagan-kzetsilerdi-marapattady-foto/

pixel