Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-2019: Тестке қатысты ең жиі қойылатын сұрақтар қандай?

Опубликовано:

Барлық жоғарғы сынып оқушылары үшін жауапкершілігі мол кезең - ҰБТ 2019 таяп келеді. Оны өткізу мерзіміне, тестілеуге енгізілген шаралар мен пәнге, өту балдарына қатысты сұрақтар жиі қойылады. 2019 жылы ҰБТ-ның осы кем тұстары туралы толығырақ айтатын боламыз.

Фото: ila-france.fr
Фото: ila-france.fr: UGC

ҰБТ 2019: форматы, мерзімі

Университетте білім алуды жалғастыруды жоспарлаған қазақстандық жоғарғы сынып оқушылары, колледж бен училищелердің түлектері шешуші кезең - ҰБТ тапсыруға таяу қалды.

Бұл емтихан сессиясы жыл сайын өткізіліп, жоғары сынып оқушыларына университеттік білім беру шыңдарын бағындыруға жол бастауға мүмкіндік береді.

ҰБТ түлектердің мына категориясы үшін өткізіледі:

  • университетте ақылы білім алғысы келетін мектептер, лицей мен гиманзиялар үшін;
  • мемлекеттік грантқа үмітті немесе өз бетінше оқу ақысын төлеуге дайын ағымдағы жылғы мектептер, лицейлер, гимназиялар үшін;
  • мектептер, лицейлер, гимназиялар, сондай-ақ колледждер мен училищелер (кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері) бюджет есебінен немесе ақылы негізде оқу үшін;
  • Тегін немесе ақылы түрде қысқартылған бағдарлама бойынша жоғарғы білім алғысы келетін кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері үшін;
  • Грант немесе ақылы негізде халықаралық алмасу бағдарламалары бойынша шетелде оқыған мектептер, лицейлер немесе гимназиялар үшін;

Сондай-ақ, ҰБТ-ны келесі тұлғалар тапсыруға міндетті:

  • бюджеттік негізде немесе ақылы түрде жоғары білім алу үшін шетелде оқыған, ұлты қазақ;
  • ақылы негізде университетке қабылдау үшін 1 академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу нысанына оқуға қабылданғандар;
  • шығармашылық бағытпен білім беретін бағдарламалардан шығармашылық емес мамандықтарға ауысуға ниет білдірушілер.
Фото: volodymyrets.city
Фото: volodymyrets.city: UGC

Ұлттық тестілеу орталығы 2019 жылы өтетін ұлттық тестілеудің шарттарын атап өтті. Тестілеудің форматы мен ережесіне айтарлықтай өзгеріс енгізілген жоқ:

  1. Талапкерлерге жалпы білім беретін сипаттағы үш пән бойынша (міндетті пәндер) және екі арнайы пән бойынша (таңдалған мамандыққа сәйкес келетіндер) сұрақтардың екі блогы ұсынылған бланкілер беріледі.
  2. Емтихан уақыты — 3 сағат 50 минут.
  3. Сұрақтар саны — 120.

Университетте қысқартылған мерзім бойынша дайындықтан өтетін кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің түлектері 2 пәнді (60 тапсырма) тапсырады. Емтихан уақыты — 1 сағат 40 минут.

2019 жылы ҰТО тапсырмалардың үштен бір бөлігін өзгертті.

Жыл бойы ҰБТ тапсыруға болатын кезеңдер саны өзгертілді.

Фото: testcenter.kz
Фото: testcenter.kz: UGC

Қорытынды аттестаттау - қазақстандық университеттерде жоғары білім алу мүмкіндігін береді. Тегін немесе ақылы негізде оқығыңыз келе ме, ол маңызды емес. Тестілеу оқытудың барлық түрлері мен нысандары үшін міндетті.

ҰБТ 2019: пәндер, өту балы

2019 жылы тестілеудің екі компонентті құрылымы өзгеріссіз қалады:

  • Негізгі пәндер бойынша міндетті.

Математика, тіл және ел тарихы - бұл түлектердің жалпы білім беру деңгейін құрайтын пәндер. Осындай дағдыларды көрсету керек.

Қазақстанның қалыптасуымен байланысты оқиғаларды, даталарды және тарихи процестерді білу. Үш заттың әрқайсысы ең жоғарғы 20 баллмен бағаланады.

  1. Математикалық логиканы, негізгі математикалық іс-әрекеттерді орындай білу, математикалық ұғымдар мен санаттарды білу.
  2. Мәтінді оқу және түсіну дағдысы, оны түсіндіре білу, әңгіменің не туралы екенін ойлай білу, сараптау.
  3. Қазақстанның қалыптасуымен байланысты оқиғаларды, айтулы күндерді және тарихи процестерді білу.

Үш пәннің әрқайсысы ең жоғарғы 20 баллмен бағаланады.

Арнайы пәндер бойынша балама. Бұл арнайы екі пәнсіз түлектер таңдаған мамандықты ала алмайды.

Жоғары сынып оқушысы пәнді меңгерудің екі деңгейінде білім көрсетуі тиіс: ұсынылған 5 нұсқадан бір нұсқаны және ұсынылған көптеген нұсқалардан бір дұрыс жауапты таңдау. Осылайша, сыналушының білімі, салыстыру, талдау, қорытынды жасау қабілеті тексеріледі.

Фото: testcenter.kz
Фото: testcenter.kz: UGC

Жоғары оқу орындарына қысқартылған мерзім бойынша білім беру бағдарламаларына түсетін колледждер мен училищелердің түлектері үшін осындай тапсырмалар саны мен бағалау тәртібі анықталды:

Фото: testcenter.kz
Фото: testcenter.kz: UGC

Жоғарғы сынып оқушыларында бейіндік пән таңдаумен қиындықтар туындауы мүмкін. Университетте қандай да бір біліктілік алу үшін қандай пәндерді тапсыру керек екенін қалай анықтауға болады? 2019 жылы тестілеу орталығы пәндерді топтастырып, бұл тапсырманы жеңілдетті:

Фото: testcenter.kz
Фото: testcenter.kz: UGC

Сондай-ақ, шығармашылық мамандықты таңдағандар үшін шығармашылық емтихан өтетін болады. (Мәселен, журналист мамандығы)

Осындай білім беру бағдарламалары бойынша студенттер жинай алатын ең жоғары баллдар:

  • шығармашылық дайындықсыз - 140 балл;
  • шығармашылық бағыт — 120 балл;

Грант үшін бақталасуға кем дегенде 50 балл жинау жеткілікті. Бұл сан өтпелі балл болып саналады.

Болашақта қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқитын кәсіптік-техникалық оқу орындарының түлектеріне университетке түсу үшін 70 баллдың ішінен 25 балл жинау жеткілікті.

ҰБТ 2019: Өтпелі балды ала алмағандардың бәрі тапсыра ма, онлайн-тестілеу

Онлайн-режимде тестілеу - бұл емтихан қызметінің міндетті түрі емес. Бұл талапкерге алдағы ҰБТ форматымен танысуға көмектеседі. Ұлттық тестілеу орталығының сайтында тіркеліп, 260 теңге төлеп, онлайн-тестілеуге қатысқан түлек ҰБТ-ға шығарылатын үлгі тапсырмаларға қол жеткізе алады.

Фото: norma.uz
Фото: norma.uz: UGC

Мұндай жұмыстың түрі сізге не береді? Абитуриент мүмкіндікке ие болады:

  1. Тест тапсырмаларының жалпы көрінісімен танысу, бланкті толтырудың техникалық жағын (тест тапсырмасында дұрыс жауапты қалай белгілеу керек екенін) түсіну. Болашақта бұл сіздің экзамендегі уақытыңызды үнемдейді.
  2. Сұрақтардың қалай құрастырылатынын көріп, саралайды.
  3. Объективті түрде білімді бағалап, кем тұстарды белгілейді. Бұл өз-өзіңмен жұмыс істеп, ҰБТ-ға жақсырақ дайындауға мүмкіндік береді.
  4. Осындай эмтихан түріне психологиялық дайындықты тексереді.

Сол себепті, дайындықтың мұндай түрін қолдануға кеңес беріледі. Бірақ міндеттелмейді. ҰТО белгілеген сессиялардың бірінде өз күштерін сынап, ҰБТ тапсырып көргендер тапсырманы қалай орындау керек екенінен хабардар. Сондықтан онлайн-тестілеуден бас тарта алады.

Ата-ана мен жоғарғы сынып оқушылары үшін айтулы кезек - ҰБТ жақындап келеді. Кез келген қиындыққа дайын болу үшін тестілеудің мазмұны, ұйымдастырылуы, кезеңдері туралы ақпаратты оқыңыз. Бейіндік пәндерді таңдап, негізгі пәндер бойынша білімді жоғарылату, онлайн-тестілеуден өту үшін уақыты жеткілікті. 10 мамырға дейін тіркеліп үлгеріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795738-bt-2019-testke-katysty-e-zii-kojylatyn-sraktar-kandaj/

pixel