Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

уралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Facebook парақшасында хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/dgdatyrau
Фото: facebook.com/dgdatyrau: UGC

Ведомствоның мәліметінше, Құрманғали Тасмағамбетов Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалған.

Құрманғали Тасмағамбетов 1959 жылы Новобогат ауылында дүниеге келді.

Гурьев пединституты мен Атыраулық Мұнай және газ институтында білім алған.

Еңбек жолын мектепте мұғалім қызметінен бастады.

Әр жылдары Махамбет мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы, Махамбет сырттай-кешкі мектебінің директоры, Махамбет ОӨК шебері болып жұмыс істеді.

Фото: facebook.com/dgdatyrau
Фото: facebook.com/dgdatyrau: UGC

1995-1997 жылдары "Мерей" фирмасының атқарушы директоры және "Мұнайтрейдинг"өкілі лауазымында еңбек етті.

Кейіннен энергоресурстарды бақылау бөлімін басқарды, Атырау облысы бойынша ТШ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2002 жылдан 2014 жылға дейін Атырау және Ақтөбе облыстары бойынша аумақтық Кедендік бақылау департаменттерінің басшылары лауазымдарын атқарды.

Бұл тағайындауға дейін Құрманғали Тасмағамбетов Маңғыстау облысы бойынша МКД басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Айта кетейік ол Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың кіші інісі болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1795669-krmangali-tasmagambetov-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/

pixel