Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жемқорлық үшін айыпталған 31 жастағы шенеунік осы жазда үйленбекші

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының жемқорлыққа қатысты ісін қарау бойынша сот отырысы басталды. 31 жастағы Асланбек Жақыпов "Алаяқтық" бабы бойынша айыпталуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко: Original

Шенеунік Қылмыстық кодекстің 190 бабы 3-тарауы 2-тармағына сәйкес айыпталуда.

Бап бойынша мүлікті тәркілей отырып, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, сондай-ақ, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыру қарастырылған.

Судья алдында Жақыпов өзінің өмірбаянын айтып берді.

31 жастағы айыпталушының заң және экономика бойынша екі жоғары білімі бар. Ол саясаттану ғылымының магистрі, басқару ісінің докторы болып табылады.

Шенеунік осы жазда некеге тұруды жоспарлағанын айтты. Ол сондай-ақ, бұрын істі болмағанын және қазіргі уақытта ҰЭО-дағы бөлім бастығы қызметін атқаратынын айтты.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко: Original

Осы сөздерден кейін заңгер Джакупова Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Тобагалиұлына істі қарастыруды кейінге қалдыру туралы өтінішпен жүгінді, өйткені адвокатты кейінірек басқа сот отырысы күткен.

"Бұл істі асығыс деп қарастырмау керек", - деп түсіндірді адвокат.

Алаяқтық бойынша жәбірленуші отырысты кейінгі қалдыруға қарсылығын білдірмеген. Оның адвокаты сотқа келмепті.

Судья отырысты 29 мамырға ауыстырды. Ол Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотында 16:00-де болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795536-zemkorlyk-sin-ajyptalgan-31-zastagy-seneunik-osy-zazda-jlenbeksi/

pixel