Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегей мен Асхат Тарғын сахнада бір-біріне шапан жапты (фото)

Опубликовано:

Бірі "Аспанға қараймын" деп, бірі "Чип-чип" деп әндетіп жүріп танылған Абай Бегей мен Асхат Тарғын сахнада бір-біріне шапан жауып, жұртты сүйсінтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қызылорда облысы Шиелі ауданына концерттік бағдарламамен барған Асхат Тарғын салтанатты сәттің суретін өзінің Instagram парақшасына жариялады.

Ал желі қолданушылары сыйластығы артқан өнер иелеріне ризашылықтарын білдірген.

"Алла тіл-көзден сақтасын", "Екеуің де азаматсыңдар. Аман болыңдар", "Шапан құтты болсын", "Сері жігіттердің бір-бірін сыйлағаны дұрыс" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Асхат Тарғын да, Абай Бегей де өнер әлемінде екінші рет шаңырақ көтерген жұлдыздар қатарында.

Қос әншінің де жұбайлары бүгінгі таңда оларға ұл сыйлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795492-abaj-begej-men-ashat-targyn-sahnada-bir-birine-sapan-zapty/

pixel