Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев Ұлттық банктың қайта ұйымдастырылатынын хабарлады

Опубликовано:

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәжілістің пленарлық отырысы кезінде қаржы нарығын реттеу және дамыту, микроқаржылық мәселелері жөніндегі заң жобасын ұсынып, елдегі бас банктің қайта құрылатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Досаев Ұлттық банктың қайта ұйымдастырылатынын хабарлады
Фото: azh.kz: Facebook

Ұлттық банк қайтар құрылуы нәтижесінде қаржы нарықтарын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік құрылатын болды.

"Жаңа агенттік Ұлттық банктің қайта құрылуы арқылы жүзеге асырылады. Өкілеттіктер Ұлттық банк тарапынан жаңа органға берілетін болады.
Заң жобасында функцияларды, өкілеттіктерді және штатты қарастырдық. Қазіргі штаттан 500 адам агенттікке өтетін болады. Мамыр-маусым айларының ортасында Қаржы министрлігімен жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Досаев.

Жалпы, жаңа органға қаржы нарығын дамыту және реттеу функциялары, сондай-ақ тұтынушы құқығын қорғау міндеттері жүктеледі. Ол Қазақстан Республикасының президентін есеп беруге міндетті болады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері жөніндегі агенттік өз қызметін 2020 жылдың басынан бастайды. Алматыда орналасады.

Ал Ұлттық банк ақша-несие саясатының тиімді жүргізілуіне және инфляцияны бақылау шараларын қадағалаумен айналысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1795311-dosaev-lttyk-bankty-kajta-jymdastyrylatynyn-habarlady/

pixel