Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нағашылары қазақ афроамерикалық жігіт әскерге аттанды (фото)

Опубликовано:

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына афроамерикалық азамат қабылданды. Майкл Мкпо Алматыда туып өскен деп деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Әскери борышын өтеуге аттанған Майкл Мкпо оқуын да Алматы қаласында тәмамдаған. Анықталғандай, оның әкесі Нигерия азаматы екен. Ал нағашылары қазақтар болып шықты. Майклдың анасы Галинаның әкесі орыс, шешесі қазақ болған.

Майкл Мкпо аздап қазақша сөйлейді. Қазақстанда туып өскен жігіт әскерге шақырту алғанда оны бірден қабыл алғанын айтады. Ол Отан алдындағы борышты өтеу кез-келген азаматтың міндеті деп есептейді.

Майкл форма киіп, әскери комиссариатқа келгенде жиылған көпшілік оған таңырқай қараған.

"Шын мәнінде барлығы таңырқауда. Өзіммен бірге әскер қатарына шақырылғандардан бастап, сардарларға дейін таңданыстарын жасырмауда. Африкалық жігіттің әскери борышын өтеуге барады деп ешкім күтпеген ғой" , - деді Майкл.

Майклдың анасы мен әкесі Алматыда танысқан. Бүгінде олардың отбасын құрғанына 20 жылдан астам уақыт өткен. Ерлі-зайыптылар Майкл және Милана есімді балаларды тәрбиелеп отыр.

Галинаның сөзінше, олар біраз уақыт бойы күйеуінің отаны Нигерияда тұрған. Бірақ, Қазақстанға жетпейтінін түсініп, елге қайта орылған.

Майклды әскерге шығарып салуға нағашылары келіп, оған жүрекжарды тілектерін арнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795285-nagasylary-kazak-afroamerikalyk-zigit-skerge-attandy-foto/

pixel