Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Медеу Арынбаев басына он сағаттық күрделі ота жасатты

Опубликовано:

Сахнадан көрінбей кеткен Медеу Арынбаев осыдан бір ай бұрын басына он сағаттық күрделі ота жасатқан деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, оның қауіпті дерті осыған дейін де бірнеше рет байқалған. Алайда өнер иесі кеселіне елуден асқан шағында ғана мән беріпті.

"Бір айдан енді асып жатыр, басыма үлкен он сағаттық ота жасалды. Операция болды он сағат. Шашымның жоқтығы ғой. Бір айдың шамасын тап-тақыр қылып алып тастады. Енді-енді өсіп жатқан кезең. Ес жоғалту, эпилепсияның бастамасы.
Бұрындары жылына бір рет көз қарауытып, бас айналып, ес жоғалтатын жағдайлар болушы еді. Ол бес минуттай созылып, одан кейін ес жиып алатынмын", - деді әнші.

Ота жасатқанына бір айдан асқан Медеу Арынбаев алдағы уақытта салауатты өмір салтын ұстанып, 3-4 ай бойы дәрігерлердің қатаң бақылауында болмақ.

"Дәрі-дәрмекті уақытылы ішіп тұру керек, көп жүру керек. Енді-енді бір айдан асты. Спортпен аздап денені шынықтыру керек. Дәрігерлердің берген кеңесімен тамақтанамын. Сондықтан мен 3-4 ай қатаң режимде болуым керек", - дейді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795276-medeu-arynbaev-basyna-on-sagattyk-krdeli-ota-zasatty/

pixel