Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конор Макгрегор баспанасы жоқ жерлестеріне үй салуда

Опубликовано:

Екі санат бойынша UFC-дің бұрынғы чемпионы, белгілі ирланиялық спортшы Конор Макгрегор өз Instagram парақшасында үлкен жаңалығымен бөлісті. Аралас жекпе-жек шебері Дублинда үй-жайы жоқ жандар үшін сегіз үйдің құрылысын бастаған. Енді оның арқасында тағдыр тәлкегіне тап болған жандар өмірлерін жаңа парақтан бастауға мүмкіндік алды деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ thenotoriousmma
Фото: Instagram/ thenotoriousmma: Facebook

Үнемі дау-дамайдың арасында жүретін Конор Макгрегор нағыз мейірімді әрі жомарт екенін көрсетті. Ирландиялық спортшы Дублинда баспанасыз қалған жергілікті тұрғындар үшін сегіз үйдің құрылысын бастаған. Құрылыс маңындағы суреттерді Макгрегор өз Instagram парақшасында жариялады.

Фото: Instagram/ thenotoriousmma
Фото: Instagram/ thenotoriousmma: Twitter

Ол нысандағы жұмыстардың қалай өтіп жатқанын жеке тексеруге келгенін айтты. Спортшының сөзінше, құрылыс өте қарқынды жүзеге асырылуда және аяқталуға жақын.

Фото: Instagram/ thenotoriousmma
Фото: Instagram/ thenotoriousmma: Facebook
"Жақында біз өз баспанасы жоқ жанұялар үшін сегіз үй аламыз! Боранның артынан міндетті түрде күн шығады",- деп жазған ол.
Фото: Instagram/ thenotoriousmma
Фото: Instagram/ thenotoriousmma: Facebook

Сондай-ақ, Макгрегор өз жұмысы үшін мақтанатынын мойындады. Спортшы адамдарға жаңа өмір мен естеліктер сыйлауға мүмкіндік алғаны үшін қатты қуануда.

Фото: Instagram/ thenotoriousmma
Фото: Instagram/ thenotoriousmma: Twitter
"Үш жатын бөлмесі бар үй өз баспаналары болмағандықтан, қаладағы қонақүйлерді түнеп жүрген жанұяларға арналады. Бүгін мен осы аймақтарды қарап шықтым, көршілермен кездестім. Осылайша, жақында мұнда жаңа өмір басталатынын сезіндім", - дейді UFC жұлдызы.
Фото: Instagram/ thenotoriousmma
Фото: Instagram/ thenotoriousmma: Facebook

Құрылыстың аяқталу уақыты әлі белгісіз. Алайда, суреттерге қарап, оның жақын арада пайдалануға берілетінін аңғаруға болады.

Фото: Instagram/ thenotoriousmma
Фото: Instagram/ thenotoriousmma: Facebook

Бұл жаңалық желіде тараған соң Конор Макгрегордың жанкүйерлерінің саны көбейді. Олардың қатарында спортшының бұл әрекетін сынағандар да табылды.

Фото: Instagram/ thenotoriousmma
Фото: Instagram/ thenotoriousmma: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795261-zomart-zrekti-sportsy-makgregor-baspanasy-zok-zerlesterine-j-saluda/

pixel