Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда белден төмен тұсына тату салғызған арудың басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Елордада белден төмен тұсына татуаж салғызған ару оны өшіруге мәжбүр болды. Себебі бұны білген күйеу жігіт той алдында жанжал шығарып, қалыңдығының аталмыш әрекетін құптамаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Pixabay
Көрнекі фото: Pixabay: Depositphotos

Аталмыш оқиға жайлы Нұр-Сұлтандағы татуаж салу шеберлерінің бірі айтып берді.

"Үш жылдық тәжірибемде айтарлықтай қызық оқиғалар кездеспеген. Бірақ бір клиентімнің белден төмен тұсына салғызған татуажын қайта өшіруге тура келген жағдай есімде қалыпты.
Бір салғызған татуаж оңайлықпен кете қоймайды, тіпті соңына дейін кетпейді деп айта аламын. Бірақ сол қыздың жігіті қарсы болып, той алдында шу шығарғандықтан оны өшіруге тура келді", - дейді маман.

Татуаж салудың шебері оны денеге таңбаламастан бұрын, жан-жақты ойлануға кеңес берді.

"Татуаж өмірлік дүние ғой? Сондықтан оны салғызбастан бұрын, жақсылап ойлану керек. Бастапқыда әрине көпшілік үйренісе алмай жүреді, кейін еттері үйренеді. Бәрі талғамға байланысты", - дейді шебер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795182-astanada-bolasak-zaryny-belden-tmen-tsyna-tatu-salgyzganyn-bilgen-zigit-su-sygargan/

pixel