Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Әуесбай облыстық телеарнаның директоры болып тағайындалды

Опубликовано:

Белгілі журналист Қанат Әуесбай "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Атырау облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Қазақпарат.

Айта кетейік, Қанат Әуесбай 1999 - 2004 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аспирантурасын бітіріп, 2010 жылы «Қазақ телеарналарындағы ақпараттық бағдарламалар табиғаты» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаты 2013-2014 жж. Ұлыбританияның Норвич қаласындағы Шығыс Англия университетінде оқыды (University of East Anglia, Norwich).

  • 2016 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
  • Қызмет жолын 2002 жылы «Түркістан» халықаралық газетінің тілшісі болып бастаған.

Әр жылдары "Европа Плюс Казахстан" радиосының сазды жүргізушісі, «31» арнаның «Информбюро» жаңалық қызметі тілшісі, әл-Фараби ат. ҚазҰУ журналистика факультетінің оқытушысы, «Қазақстан» ұлттық арнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар Дирекциясында (АСБД) тілші, аға тілші, редактор-сарапшы, Қазақстан президентінің журналистік пул тілшісі, «Апта.kz» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының шеф-редакторы, «Қазақстан. Менің елім», «Өзекжарды», «Сіз не дейсіз»?, «Білгірлер бәйгесі» телевизиялық бағдарламалар жүргізушісі, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының медиа-директоры, «BNews» ақпарат порталының сарапшысы болды.

2018-2019 жж. ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасының баспасөз қызметінің аға сарапшысы, «Astana» арнасында «Ruh.kz» ток-шоуының жүргізушісі, сценаристі болды.
  • 2011-2019 жж. Л.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің доценті.

Қанат Әуесбай еңбек жолында түрлі марапатқа ие болған:

  • ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің «Қазақстанның гүлденуіне арналған үздік тележоба» дипломы (2011 ж.);
  • Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2011 ж.);
  • Қазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты (2013 ж.);
  • «Нұр Отан» партиясының БАҚ өкілдеріне арналған «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының «Көзқарас» аталымындағы жеңімпазы (2016 ж.);
  • ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған (2017 ж.).
ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңес мүшесі, Қазақстан бас редакторлары клубының мүшесі, ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі "Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен - Looking west. A Kazakh’s view of Great Britain" кітабының авторы.

«Қазақстан» РТРК» АҚ - «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы, «Balapan», «Qazsport», «Tamasha TV» телеарналары, «Qazaq radiosy», «Shalqar», «Astana», «Classic» радиоларын және 14 аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіретін еліміздегі ең ірі медиа-құрылым. Республикалық телерадиокорпорацияға 2019 жылғы сәуірден Ләззат Танысбай басшылық етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795179-kanat-uesbaj-oblystyk-telearnany-direktory-bolyp-tagajyndaldy/

pixel