Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеу жігіт итіне немқұрайдылық танытқан қалыңдығын той алдында тастап кетті

Опубликовано:

Reddit қолданушысы қалыңдығын той алдында тастап кеткенін жазды. Бұған бақылаусыз қалған итінің бірнеше шоколадты жеп қойғаны себеп болыпты деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ер адам итіне немқұрайдылық танытқан қалыңдығын той алдында тастап кеткен
Көрнекі сурет: enigma-project.ru: Twitter

28 жастағы азамат 27 жастағы сүйіктісімен төрт жыл бойы кездесіпті. Олармен бірге жеті жастағы иті де тұрады екен. Ер адам оны "әлемдегі ең тамаша ит" санайтынын айтады.

Қалыңдығы үйінде той алдындағы қыз ойнақ ұйымдастыратынын, итті қалдырып кетуін сұраған. Ал күйеу жігіт демалыс күндерге ата-анасының үйіне аттанып, сауықкеш кезінде итті жатын бөлмесіне қамауды өтінген.

"Сенбі күні таңғы 5-те хабарласып, итке бір нәрсе болғанын айтты. Келсем, беті-аузы жылағаннан ісіп кеткен, сөйлей алмайды. Екі құрбысы итімнің аман екенін, бірақ ауырып жатқанын хабарлады", - деп жазды ер азамат.

Ер адам алғашында сүйіктісін аяп, жұбатпақ болған. Алайда итінің неліктен ауырғанын білгенде, ашуға бой алдырған.

Сауықкеш кезінде қыздар шоколад пен сусындарды дастарханның үстінде қалдырған, ал ит оларды жеп қойған екен.

Үйге оралғаннан кейін ер адам қалыңдығын үйден қуып шығып, той болмайтынын мәлімдеген.

Осы жағдайдан кейін достары мен туыстары бойжеткенді кешіруді сұраған, бірақ ол бұрынғы сүйіктісінің барлық нәрседе немғұрайлық танытатынын алға тартқан.

"Ол рөлде отырып, хабарлама жазады. Пештің үстінде заттар қалдырып кетеді. Балам онымен қалғанда уайымдап отырғанша, оңбаған болып қалайын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795129-kjeu-zigit-itine-nemkrajdylyk-tanytkan-kalydygyn-toj-aldynda-tastap-ketti/

pixel