Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сахнадан көрінбей кеткен Бейбіт Қорған қазір қайда жүр?

Опубликовано:

Бір кездері "Шоқ қыздар" әнімен көпшілікке кеңінен танылған Бейбіт Қорған қазіргі таңда сахнадан көп көріне бермейді. Отандық әнші өнер әлемінен алыстап кетті ме? Елдің көкейіндегі сан сауалға Бейбіт Қорғанның өзі жауап берді деп жазады "Хит-ТВ" арнасының "Headliner Weekend" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол анасы өмірден өткеннен кейін өнерден мүлде кетпек болған.

"Үйде жүрмін. Бала-шағаммен, отбасыммен. Бәрі Алланың сынағы. Алла өзі жақсы көретін құлдарына міндетті түрде сынақ жібереді.

Анам өмірден өткеннен кейін, өнерден мүлде кеткім келді. Неге? Бір жылтырақ, қиқалаңдап-шақалаңдап жүргенді ұнатпайтын адамдардың бірімін.

Әншілік болғанда, бетіңді жылтыратып, үстіңді жылтыратып қайта-қайта. Дұрыс емес нәрсе сияқты. Бірақ енді отбасыңды, бала-шағаңды асырауды ойлайсың", - деді Бейбіт Қорған.

Өмірінде орын алған өзгерістерден кейін әнші отбасын асырау мақсатында өнерге қайта оралған.

Алайда клип түсіру мен ән жаздыру секілді қызу жұмыстарды әнші екі жыл бұрын жүзеге асырып тастаған.

"Бір әніңді елге тоқтаусыз жарналамау менің көңіліме жағатын нәрсе емес. Кез-келген жастардың көңілінен шығатын әндерді қолдайтын - үкімет. Ал бізде үкімет тарапынан ондай қолдау жағы...

Қазір өлеңдерімді шығарып жатырм. Бірақ мен "Шоқ қыздарға" дейін "Тыңдашы, жаным" деген де болды. Көбісі "Шоқ қыздарға" ұқсатып жатырсың" деп айтады. Өзімнің жақсы көретін стилім де...

Бір кезде жарқ ете қалу болады. Одан кейін халық одан да жақсы нәрсе күтіп тұрған сияқты болады. Ол үшін бір шешініп шығу керек сияқты ма?!
Қазіргі жастардың сұранысына ие, революциялық жаңа бірнәрсе күтіп отырады. Өйткені ол - шоу. Оның да екі түрі болады. Қыздардың ерсі нәрсе жасайтындары тез өтіп кетеді. Жастар жылтыраққа әуес болады ғой", - деп ағынан жарылды Бейбіт.

Сондай-ақ, елордаға көшіп кеткен өнер иесі тойлардан табыс тауып, бала-шағасын асырап жүргенін де жасырмады.

"Қазір енді тоймен асыраймын. Сұраныс бар. Бірақ бұрынғыдай емес. Неге, өйткені халықтың жағдай нашар. Біреулер мысалыға "Балам, біз қарапайым жағдайдамыз. Барымыз осы" деп шын жүрегімен айтып жатады.

Үйде құр жатқанша, барып айтып кетеміз. Ода тұрған не бар? Астанада оркестр секілді бір жерге кіріп алдық.

Сол жерде 60-70 мың жалақымен, зейнетақы жүре берсін деп. Сол бала-шағаның қамымен жүре береміз", - деп баяндады өз өмірін әнші..

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795056-sahnadan-krinbej-ketken-bejbit-korgan-kazir-kajda-zr/

pixel