Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Опубликовано:

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Фото: zakon.kz
Оқиға орны. Фото: zakon.kz: Facebook

Басылымның хабарлауынша, қайғылы оқиға Есік қаласының кіреберісінде орын алған. Ер адам жол жиегінде тұрып, жолай өтіп жатқан көліктердің бірін тоқтатпақ болған.

Бұл сәтте жолда Mitsubishi RVR көлігі көрінген. Оның тізгініндегі ер адам жұмысынан қайтып келе жатқан. Кейінірек көлік жүргізушісінің өзі түнгі уақытта мектепте күзетші болып жұмыс істейтінін айтты.

Үйіне қарай бет алған азамат рөлде ұйықтап кетіп, көлік тоқтатып тұрған жігітті қағып кеткен.

Соқтығыс салдарынан зардап шеккен жаяу жүргінші жолдың шетіне қарай ұшып, қатты соққыдан оның басы жұлынып кеткен.

Марқұмның әйелі жол апатына куә болған.

Көлік жүргізушісінің сегіз баласы мен аяғы ауыр әйелі бар.

Оқиға орны. Фото: zakon.kz
Оқиға орны. Фото: zakon.kz: Facebook

Оқиға орны. Фото: zakon.kz
Оқиға орны. Фото: zakon.kz: Twitter

Оқиға орны. Фото: zakon.kz
Оқиға орны. Фото: zakon.kz: Facebook

Оқиға орны. Фото: zakon.kz
Оқиға орны. Фото: zakon.kz: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794842-almaty-oblysynda-zantrsigerlik-zol-apaty-boldy/

pixel