Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуіңізді айналдырып алғысы келетін құрбының 5 белгісі

Опубликовано:

Әйелдер арасында шынайы достық бар. Дегенмен сіздің жаныңызда жүрген адам арам пиғылды болуы әбден мүмкін. Ең бастысы, ондай құрбыларды дер кезінде танып, өміріңізді ойрандауға жол бермеңіз. Әйтпесе, жақын жаннан айырылып қалуыңыз ғажап емес деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: kakprosto.ru
Фото: kakprosto.ru: UGC

Мына 5 белгі құрбыңыздың арам ойын айғақтайды:

1. Күйеуіңізден көз алмайды

Құрбыңыз күйеуіңізге көз алмастан қарап тұра алады. Ал оны сіз байқап қалған кезде көңілін басқа жақа бұра қояды. Мұндай әрекеттер оның жұбайыңызда көңілі барын айғақтайды. Құрбыңыз отбасыңызды ойрандауы мүмкін. Дер кезінде онымен ара-қатынасыңызды үзген абзал болар.

2. Қылымсый береді

Ер азаматтың көңілін аулау үшін ол өзінің құрбы ғана емес, оған қоса тартымды әйел екенін білдіргісі келіп, күйеуіңізге сіздің көзіңізше қылымсуы мүмкін. Мұны қалжың деп қабылдаудың қажеті жоқ. Мәселені қолға алыңыз.

3. Көп сұрақ жаудыртады

Егер құрбыңыз жеке өміріңізге қатысты шектен тыс сұрақтар қоятын болса, секем алғаныңыз жөн. Ол сіздің отбасыңызға жақсылық ойлауы екіталай. Болашақта сіз жасаған қателіктерді қайталамау үшін қарым-қатынастарыңыздағы мәселелердің себебін білуге тырысады

4. Жағымсыз кеңестер береді

Отбасындағы жағдай ушыққан кезде, әйел адам бар мәселесін құрбысына айтып, кеңес сұрай бастайды. Егер осындай сәтте ол күйеуіңіз екеуіңіздің қарым-қатынасыңызды бұза алатын кеңестер берсе, жақсылап ойланғаныңыз жөн. Себебі ол отбасыңызды ойрандап, сіздің орныңызды иеленуді жоспарлауы мүмкін.

5. Құпияларыңызды жайып салады

Құрбыңыз әрдайым сіздің құпияларыңызды жұбайыңызға айтуға тырысатын болса, оның ниеті түзу емес екенін біліп жүргейсіз. Ол күйеуіңіздің алдында сізді ақымақ етіп көрсетіп, өзінің дәрежесін асырмақ болады.

Егер мұны дер кезінде қолға алмасаңыз күйеуіңізді де, құрбыңызды да жоғалтасыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794836-kjeuiizdi-ajnaldyryp-algysy-keletin-krbyny-5-belgisi/

pixel