Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінің жүкті екенін босанатын кезде бір-ақ білген келіншек күйеуін таңғалдырды

Опубликовано:

Өзінің жүкті екенінен бейхабар болған шотландиялық Фолкерк қаласының тұрғыны күтпеген жерден балалы болған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеем жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook / dailyrecord.co.uk
Фото: Facebook / dailyrecord.co.uk: UGC

20 жастағы Стейси Портер 10-мамыр күні іші ауырғанын сезген. Бұл уақытта бойжеткеннің сүйіктісі Дэвид Джонстон диванда ұйықтап жатыпты. Таңға жуық ол ұялы телефонына Портердің 60 рет хабарласқанын көрген.

"Бірнеше секунд өткен соң, ару қайта хабарласып: "Жоғарыға көтеріл, мен босандым" деген.
"Бәрі аяқ асты болды, мен айқай-шу мен біреудің жылағанын естіп ояндым", - деп еске алды ол.

Ол Портер жатқан жуынатын бөлмеге барып, жедел жәрдем шақырған.

"Олар маған сөмкеге заттарды салып, дайындай беруімді сұрады. Белгісіз себеппен киімдерді жинастыру үшін тоңазытқышты аша бастадым. Дәл сол сәттегі сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаспын",- дейді ер азамат.

Портердің сөзінше, ол жеңіл әрі ауырсынусыз босанған. София Грейс есімді қыз бала дүниеге келген соң, Джонстон бірден көмекке келген.

Жас ана бала босанғанға дейін жүктілікті болдыртпайтын дәрілер қабылдап, бала сүюге асықпағанын алға тартты.

Осы уақыт аралығында ол алкогольді ішімдік ішіп, ұзақ шақырымдағы демалыс орындарына ұшқанын да жасырмады.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері мұндай жағдаймен бірінші рет кезіккенін айтты. Нәтижесінде анасы мен қызының денсаулығы жақсы екені анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794812-zini-zkti-ekenin-bosanatyn-kezde-bilgen-kelinsek-kjeuin-tagaldyrdy/

pixel