Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салып жатқан үйінің үстінен газ тартылған ақтөбелік тұрғын жанайқайын айтты (фото)

Опубликовано:

Многоэтажный дом в Актобе
Фото: акимат Актюбинской области

Ақтөбелік тұрғын кезегін 12 жыл бойы күтіп алған жеріне баспана тұрғыза алмай отыр. Жергілікті билік "үй сал" деп белгілеп берген іргетасының үстінен газ құбырын жүргізіп тастаған. Билік өкілдерінің бұл әрекеті тұрғынның құрылыс жүргізуіне кедергі болып, үйін бітіре алмай жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жұрттар бізге күліп жатыр. Көрген адам күлкіге айналдырады. Мынау не масқара, айтыңыздаршы, үйіміздің үстіне газ құбырын тартып тастаған. Жерді алты бұрышты қылып бергеніне де ештеңе демедік. Кезінде әкімдіктен келген адам үй салатын жерге дейін белгілеп кетті. Қазір үйімізді сала алмай отырмыз. Ертең уақытында бітірмесек мына жерді тартып алады", - дейді Баян Ешімова.

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Қызылжар-2 елді-мекенінде газ құбыры іргетастың үcтінен тартылған жалғыз бұл үй емес.

Құрылысы жүріп жатқан тағы бірнеше үйдің іргетасының үстінен газ құбырын тартып тастаған.

Баян Ешімова
Баян Ешімова: Original

"Бұл адамның ақылына сыятын нәрсе емес. Жергілікті билік өз еріктерімен шара қолданбаса үйдің ішіне кіріп тұрған бұл құбырларын өзім-ақ кесіп тастаймын. Себебі газ қызметіне барғанымызда олар "біздің шаруамыз жоқ" деп бастарын алып қашып отыр. Біздің үйді бөліп, көрші үйге газ жүргізуге мен рұқсат берген жоқпын", - дейді тұрғын.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Бұл жағдайға әкімдік өкілдерінің өзі дөп басып жауап айта алмай отыр.

"Қызылжар елдімекенінің 1,2  тұрғындар массивіне Ақтөбе қаласы құрылыс бөлімімен  2011 жылы газ құбыры жүргізілген. Газ  құбырын жүргізу жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілген. Жобалық сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Тұрғын бұл  жерді 2015-2017 жылдары алған, арада енді 6 жыл уақыт өтіп тұр", - дейді қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Асылжан Балғазин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794781-aktbede-trgynny-salyp-zatkan-jini-stinen-zergilikti-bilik-gaz-tartyp-tastagan/

pixel