Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Валерий Меладзе Ержан Максимнің Нұр-Сұлтандағы кешіне келуге уəде берді

Опубликовано:

Ресейлік танымал əнші Валерий Меладзе жас қазақстандық таланат Ержан Максиммен кездесіп, оның Нұр-Сұлтанда өтетін жеке концертіне келуге уəде берген деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада 18 мамырда "Қазақстан" концерт залында Валерий Меладзенің жеке концерті өтті. Әнші шығармашылық кешінің алдында Ержан Максимнің өнеріне қатысты пікір білдірген.

Бұл туралы Мəдениет жəне спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай мәлімдеді. Оның сөзінше, әнші Ержанға деген ықыласын білдіріп, өмірде əділдіктің бар екенін жеткізген.

Меладзенің айтуынша, Ержанның байқауда бірінші орын алмағаны қазақ баласының оң жамбасына келіп, атағы аспандай түскен. Жас әнші елге таныла бастаған.

Сонымен қатар ресейлік әнші әрі продюсер симфониялық оркестрмен концерт беру оңай еместігін, сондықтан "Ержанға табыс тілеймін" деп оны қолдайтынын білдірген.

Сондай-ақ ресейлік жұлдыз талантты жастарды қолдап жатқан мәдениет министріне алғысын айтқан.

Еске сала кетейік, Валерий Меладзе "Голос. Дети" байқауында Ержан Максимнің жетекшісі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794690-valerij-meladze-erzan-maksimni-elordadagy-kesine-keluge-ude-berdi/

pixel