Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік шенеуніктің құмар ойын ойнап тұрған видеосы желіде тарап кетті

Опубликовано:

Instagram желісіндегі @zello._aktobe парақшасында Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарының құмар ойын ойнап тұрған видеосы жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде жауапты шендінің құмар ойын ойнап тұрған видеосы желіде тарап кетті
Скриншот (видеодан алынған кадр) Instagram/zello._aktobe: Twitter

Жазба авторы облыстағы мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сауал тастапты.

"Мемлекеттік қызметкерлерге көңіл көтеру орындарында жүріп, "лохотрон" секілді құмар ойындар ойнауға бола ма? Мемлекеттік қызметкер пайда түсіретін басқа қызметпен айналыса ала ма?", - деп жазған жазба авторы.

Видеода Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы басшысының экс-орынбасары Атантай Қамбаровтың ойын ойнап тұрғанын байқауға болады.

"Қамбаров күн сайын құмар ойындар ойнайды. Егер облыс жетекшілігіндегілер осылай уақыт өткізсе, біз қашан дамимыз? Шара қолдануыңызды сұраймын", - делінген жазбада.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басқармасының басшысы Руслан Мәжитовтің айтуынша, Атантай Қамбаров бүгінде басқарма басшысының орынбасары емес екен. Ол басқармада бөлімге жетекшілік етеді.

"Видеомен таныстық. Бірақ, басқарма басшысы немесе басшы орынбасары болмаған соң, біздің категорияға жатпайды. Оған қатысты басқарма басшының өзі шара қолдану керек", - деп жауап қатты Руслан Мәжитов.

Өз кезегінде, Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова KAZ.NUR.KZ тілшісіне қарамағындағы қызметкерге шара қолданылатыны туралы жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794404-aktbede-zauapty-sendini-kmar-ojyn-ojnap-trgan-videosy-zelide-tarap-ketti/

pixel