Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖК: Қоқыс полигонын сумен өшіру жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін

Опубликовано:

Алматыдағы қоқыс полигонындағы өртті өшіру бүгінге жоспарланған. Алайда қызыл жалынды сөндіру кезінде суды қолдануға болмайды. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты деп жазады BNews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қоқыс полигоны. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Қоқыс полигоны. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Төтенше жағдайлар комитеті оқыс оқиғаның алдын алу үшін түнге дейін үздіксіз әрекет ететінін жеткізді.

"16 мамыр түнгі екіден үш минут кеткенде Алматы облысына қарасты Қарасай ауданы Әйтей ауылынан 7 шақырым жердегі қоқыс полигонында өрт шықты деген хабарлама түсті. Апаттан 14 шақырым қашықтықтағы өрт сөндіру қызметі жеткен мезетте 1 гектар жуық аумақта тұрмыстық қалдықтардың бықсып жанғаны анықталды.
Өрт аумағын жіті бақылағаннан кейін өрт сөндіру техникасы мен судың көмегімен отты сөндіру мүмкін болмады. Сондықтан полигон әкімшілігінің көмегімен инертті материалдарды пайдалануға тура келді", - деді ішкі істер министрлігінің ТЖК төрағасы Владимир Беккер.

Ол қазіргі уақытта полигонда 7 бульдозер, 6 тиегіш, 2 экскаватор және 14 самосвал жұмылдырылғанын атап өтті.

Одан бөлек, тағы 10 бульдозер мен 10 самосвал көмекке келетінін де алға тартты.

Беккердің сөзінше, өрт көбінесе қоқыс аумақтарында үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбастар мен сол аумаққа жануға шақ қалған тұрмыстық қалдықтарды әкелуден туындайды.

Ол өрттің нақты себебі анықталмағанын да айтты.

Еске сала кетсек, ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті 16 мамыр күні Алматы маңындағы тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шыққанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794322-tzk-kokys-poligonyn-sumen-siru-zagdajdy-usyktyryp-ziberui-mmkin/

pixel