Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киркоров: Украинаны қатты сағынып жүрмін

Опубликовано:

Филлип Киркоров Украинаға деген сағынышын жеткізіп, ел күтпеген мәлімдеме жасады. Ресейлік жұлдыз екі елдің арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, екі тарапты татуластыруға дайын екенін айтты деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/fkirkorov
Фото: instagram.com/fkirkorov: Twitter

Ксения Собчакқа сұхбат берген Киркоров Украина мен Ресейдің қарым-қатынасы жөнінде пікір білдірген.

"Бұл бұзылып кеткен қарым-қатынасты біреу қалыпқа келтіру керек. Мұны қолға алатын боламыз. Жөндейміз.

Егер екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, достық көпірін жалғау миссиясы болса мен міндетті түрде барамын.

Украинаның қауіпсіздік қызметі кіргізсе, әрине.

Украинаны қатты сағынып жүрмін. Өте қатты. Сол себепті, Крымға гастролдерге келіп, басыма бәле іздеп жүргенімді білемін" , - деді Киркоров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794261-kirkorov-ukrainany-katty-sagynyp-zrmin/

pixel