Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киік қырылған Бетбақдаланың таңғажайып көрінісі қандай? (фото)

Опубликовано:

Бетбақдаладағы киіктердің төлдеуінен KAZ.NUR.KZ порталы эксклюзивті репортаж ұсынады. Қазір Торғай мен Ырғыз аумағында 4 мыңнан аса киік төлдеп жатыр. Резерват инспекторлардың бақылауымен тілшіміз таңғажайып көріністердің куәсі болды.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Бетбақдалаға сапар барысында инспекторлар киелі жануардың ерекше қасиеті туралы баяндады.

"Қазір киіктердің төлдеу уақыты басталды. Мамыр айының 5-20 аралығында киіктер төлдейді. Киік төлдейтін уақытта қарақұстар да жиналады. Соларды үркітеміз. Себебі лақтар туғаннан кейін 2-3 сағаттан кейін ғана бауырын көтереді. Аналық киіктер балаларын араға екі сағат салып емізіп кетеді. Лақтарды өздері алыс маңда бақылап жүреді. Бұл киелі жануардың қасиеті шығар.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
Олар лақтарын алаламайды. Басқа киіктің лағын да бауырына алып емізе береді. Бір тәулік өткеннен кейін лақтың жүгірісіне адам түгілі көлік жете алмай қалады. Көріп тұрғандарыңыздай айналада жаңа туған лақтар көп. Биыл жобамен 4 мыңнан аса киік төлдейді деп болжап отырмыз", - дейді мемлекеттік инспектор Бақытжан Қалиұлы.

Жаңа туған киіктердің төлі жер бауырлап жатыр. Басын да көтермеген. Мамандар құралайдың туғанына бір сағат та болмаған деп болжады. Лақтардың үсті дымқыл.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Киік түйежапырақ шөбі сарғайған кезде төлдейді. Себебі жаңа туған төлді қарақұстар шөп деп ойлап қалу үшін дала жануары сақтық қылады. Негізінен Қазақтанда киіктердің үш популяциясы мекендейді: Бетпақдала, Үстірт, Орал. Бетпақдала таралымындағы ақбөкендер саны 2007-14 жылдар аралығында 22 мыңнан 216 мыңға дейін 10 есеге өсті.
Өкінішке орай 2015 жылы киіктердің төлдеуі кезінде орын алған табиғи апат-індеттен Бетпақдала поуляциясының Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарының 90 пайызы өлім-жітімге ұшырады. Басқа жұптұяқтыларға қарағанда киік тез өсімтал жануар. 2016 жылғы әуе санағы кезінде Бетпақдала таралымында 36 мың киік, 2017 жылы 51,7 мың, 2018 жылы 76,4 мың бас киік саналды.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
2019 жылғы әуесанаағы сәуір айында өтті, қорытындысы маусым айында шығатын болады", - дейді "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерватының бөлім басшысы Исламбек Жакенов.

Инспекторлар Бетбақдала бойында киіктердің егіздеп төлдеп жатқанын айтады. Шөл даланы аралау кезінде жаңа туған егіз лақтарды да кезіктірдік.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Қазір киіктер егіздеп лақтап жатыр. Араларында үшемдер де кездеседі. Қазір резерват аумағында 60-70 мыңдай киік бар. Қорғау, бақылау біздің тікелей жұмысымыз. "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерватында үш бөлімше бар. Онда 65 инспектор жұмыс істейді. Қорғау жұмыстарынан бөлек прокурорлар мен құқық қорғау орындарымен бірлесіп, әкімшілік құқық бұзушылық, профилактикалық шаралар өткіземіз.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
Бұл аймақта күні-түні бес бірдей бақылау қызметі жұмыс істеп тұр. Болашақта аң-құстарды көбейту жұмыстары жасалады. Жақында құс санағы жүреді. Мұнда келетін 250 құс түрі бар екен. Оның 125-і осында ұя салады", - дейді "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерватының бөлім басшысы Ардақ Бақтыбаев.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Инспекторлар өздерінің әлеуметтік жағдайын да жасырған жоқ. Он күн сайын киіктердің қауіпсіздігін кезектесіп күтетін инспекторлар құлағалы тұрған бір бөлмелі сарайда тұрып жатыр. Олар сол жерде тамақ ішіп, демалады. Ауыз суды екі сағаттық жердегі ауылдан тасып ішіп отыр.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

"Испекторларға браконьерлер тарапынан шабуылдар жасалатын кездер болады. Біздің әлеуметтік жағдайымыз да қорғалып жатқан жоқ. Автопарк жаңартуды қажет етіп тұр. Испекторлар мәртебесін көтеруді айтып келеміз.

Мәжілісте бұл сұрақ оң шешімін табады деп күтіп отырмыз. Себебі инспекторлар шөл далада күнде ұзақ сапарларда болады. Тұрып жатқан жерлері де жайлы емес. Инспекторлардың жағдайы жасалғанын қалаймыз. Себебі мұнда сырттан келетіндер көп. Бұл жаққа киіктерді көру үшін шетелдіктер де келіп жүр. Әсіресе, Германия, Англия елдерінен келеді. Арасында ғылыми жұмыстармен айналысып жүргендер көп", - дейді Ардақ Бақтыбаев.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794164-kiik-kyrylgan-betbakdaladany-tagazajyp-krinisteri-kandaj-foto/

pixel