Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда демалып қайту үшін арықтамақ болған келіншек көз жұмды

Опубликовано:

47 жастағы Джастин Бейленсон отбасын қуантып, Түркияда демалып қайтпақ болған. Ал әйелі Джоан Линч салмақ тастауға кіріскен. Алайда бәрі келіншектің өлімімен аяқталған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Түркиядағы жазғы демалысқа бару үшін арықтамақ болған келіншек қайтыс болды
Фото: FOCUS FEATURES: Facebook

Армандаған демалысқа екі ай уақыт қалғандықтан 46 жастағы келіншек жаттығу залына жазылған. Алайда қарттар үйінде күтуші болып істейтін Джоанның жұмыс кестесі ыңғайсыз болғандықтан, қамқор күйеуі оған жаттығу құрылғысын сатып әперген.

Түркиядағы жазғы демалысқа бару үшін арықтамақ болған келіншек қайтыс болды
Фото: FOCUS FEATURES: Facebook

Тезірек арықтау үшін Джоан күнделікті жаттыққан.

Кешкі кезекшілігінен кейін ол жаттығу құрылғысына отырып, қасындағы күйеуімен әңгімелесіп отырған. Бірнеше минуттан кейін өзін нашар сезініп, есінен танып қалған.

Джастин алғашында әйелі қалжыңдап отыр деп ойлаған, себебі ол ешқашан денсаулығына шағымданбаған.

Оның бас сүйегінің ішінде қан аға бастағандықтан, дәрігерлер Джастинге бірден әйелін құтқару мүмкін емес екенін хабарлаған.

Жұбайының өлімінен кейін Джастин балалары үшін ғана еңсесін түсірмеуге тырысқан. Ол Джоанмен бірге 13 жасынан, ол сыныпқа кіріп, қасына отырғаннан бері бірге болған.

Түркиядағы жазғы демалысқа бару үшін арықтамақ болған келіншек қайтыс болды
Фото: FOCUS FEATURES: Getty Images

Енді оған Джоансыз өмір сүруге үйренуге тура келеді.

"Ол жағалауда әдемі көріну үшін үнемі құрып кеткір жаттығу құрылғысында жаттықты. Оны оған мен алып бердім, ол қайтыс болған соң оны лақтырып жібердім. Бәріне мен кінәлі сияқтымын. Ол менің алғашқы және соңғы махаббатым", - дейді Джастин Бейленсон.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794098-trkiada-demalyp-kajtu-sin-aryktamak-bolgan-kelinsek-kz-zmdy/

pixel