Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінен үлкен әйелге ессіз ғашық болған азамат жұбайы мен 4 баласын тастап кетті

Опубликовано:

Өзінен 4 жас үлкен әйелге ессіз ғашық болған азамат жары мен төрт баласын тастап кетті. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі "Үшбу хат" парақшасында жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: starsbeat.ru
Көрнекі фото: starsbeat.ru: UGC

19 жасында қателікке бой алдырған азамат өзінен жүкті болып қалған қызға үйленген.

Отау құрып, баласы дүниеге келген соң келіншегі оған тағы бір атұстар туып беріпті. Алайда, уақыт өте ерлі-зайыптылардың арасы алшақтап кеткен екен.

Отағасы оның себебін басқа әйелге ғашық болып қалуымен түсіндіріп отыр.

"Әрдайым бір кафеде тамақтанатынбыз. Бір күні сол кафедегі менен төрт жас үлкен қызға ғашық болып қалдым. Тұрсам да, жатсам да сол қызды ойлаймын. Тіпті, түсімде соны көретін болдым.

Үйге барғым келмейтін болды. Сол қызды күзететін болдым. Таңертең кафенің ашылғанын күтіп, сол қызды бір көрмесем жұмысқа бармайтынды шығардым. Қысқасы, алаңсыз сол қызды аңдумен жүрдім.

Ол қыздың мінезі бар, бір нәрсе айтсаң, бетіңнен алып, артық сөйлетпейтін. Мен ол қызбен сөйлесетін жол таппадым. Алты ай дегенде сөйлесіп, жүрдік",- деді ол.

Махаббатқа мастанған жігіт екінші ғашығынан жанұясы бар екенін жасырған екен.

"Бойдақпын дедім. Екеуміз бір ауданнан, бірақ екі ауылданбыз. Әке-шешесімен, бауырларымен қатты араласып кеттік.

Бәрі маған имандай сенетін. Ол қыз ажырасқан, бір ұлы бар. Сөйтіп, үш жыл жүрдік.

Бір күні менің әйел, бала-шағам бар екенін біліп қойып, Алматыға кетіп қалды. Мен ортақ таныстарымыз арқылы ол қызды тауып, ауылға қайта әкелдім", - деп баяндады азамат.

Осылайша, ғашықтықтан көзі байланған азамат жанұясын тастап кеткен.

"Не керек, ол қызға бір қадам аттатпайтын болдым. Үйтіп-бүйтіп, өлердей сезімімді айтып, жанұямды тастап, сол қызды алып, бірге тұрдық.

Ол кезде менің екі ұл, бір қызым болды, әйелімнің аяғы ауыр еді. Төрт баланы тастап, сол қызды алдым. Ол қыз маған егіз туып берді. Қатты жақсы көремін, ол болмаса өмірімнің мәні жоқ, ешқайда жібергім келмейді, қызғанамын", - деді ол.

Ендігі кезекте екінші рет үйленген ер адамды басқа мәселе толғандырып жүр екен.

"Мен басқа қыздармен сөйлесіп қоямын. Бірақ, алған әйелім көңілімнен шығады. Бар мәселе, қыздар көрсем, жоқ дей алмаймын. Осылай жүріп, бұл әйелімнен де айырыламын",- деп түйіндеді жігіт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794013-zinen-lken-jelge-essiz-gasyk-bolgan-azamat-jeli-men-trt-balasyn-tastap-ketti/

pixel