Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бойжеткен жүкті екенін тек толғақ басталған кезде білген

Опубликовано:

Англияның Ланкшир қаласының тұрғыны Бэт Мартин Британияның шекара әскерлеріне кіру үшін тынбай жаттығу жасап, дайындалып жүрген. Сол себепті ол өзінің жүкті екенін естігенде есеңгіреп қалған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com
Фото: facebook.com: UGC

Бірде жаттығулар барысында Бэт өзін жайсыз сезіне бастаған. Соңғы үш күнде бойжеткеннің іші ауырып, жүрегі айныған. Алайда ол бұл белгілердің барлығын бүлінген түскі аспен байланыстырыпты.

Жағдайының ушыққанын түсінген ару дәрігердің көмегіне жүгінген. Ал федьдшер Бэтті тексергеннен кейін толғағы жеткенін айтып, бірден жедел жәрдем шақыртқан.

Бэт ай-күні жеткенге дейін өзінің жүкті екенін білмеген. Сол себепті босану бөліміне барғанша өз-өзіне біраз келе алмаған.

Ол салмақ қосып, 61 келіге дейін толған. Сондай-ақ жиі шаршайтын болған. Бірақ ол мұның барлығын жаттығулардың әсері деп ойлаған.

Бойжеткеннің қызметтесі оның аяғы ауыр екенін байқап қалған. Алайда Бэт мұндай сөзге ренжіп қалған екен.

Ару Мейза атты қыз баланы дүниеге әкелді.

"Фельдшер бірден менің аяғым ауыр екенін айтты. Ол сәтте толғақтың басталғанына 69 сағат болған. Мен өзімнің ана болғалы жатқанымды небәрі 7 сағаттан кейін түсіндім.

Жүктіліктің уақытында бойжеткен жаттығулардың арқасында арық көрінген. Сәби қабырға астында дамығандықтан, Бэттің іші мүлде көрінбеген. Ал жүктілік тесті екі рет теріс нәтиже көрсеткен. Мұндай жүктіліктің "жасырын жүктілік" деген өз атауы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1793898-bojzetken-zkti-ekenin-tek-tolgagy-bastalgan-kezde-bilgen/

pixel