Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Даяшы дәмханада ұмытылып кеткен 424 000 долларды иесіне қайтарған

Опубликовано:

Армандо Маркай атты даяшы дастарханды жинастырып отырып үстел үстінде тұрған конвертті байқамаған. Қуанышқа орай, біраз уақыттан кейін жігіт конвертті ашып, ішінен 424 000 долларға жазылған шотты тауып алған деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: UGC

Әдетте ұмытылған заттар арнайы қораптарға салынады. Заттың иесі абайсызда қалдырып кеткен дүниесі үшін қайта оралып, жоғалтқанын сол қораптан табады.

Алайда Армандо қомақты сомаға жазылған шотты иесінің қолына ұстатуды жөн көрген.

Шоттың иесі Карен есімді әйел болып шықты. Ол пәтер сатып алу үшін ақша жинап, дәл осы қаржыны алғашқы жарна ретінде салмақшы болған. Келіншек адал даяшының ісіне тәнті болып, қуаныштан көз жасын тыя алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1793891-daasy-dmhanada-mytylyp-ketken-424-000-dollardy-iesine-kajtargan/

pixel