Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттік сайлаудан кейін теңге бағамы өзгере ме?

Опубликовано:

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков қаржы нарығы мен шағын қаржыландыру қызметін реттеу және дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасының таныстырылымы өткен мәжіліс кулуарында президенттік сайлаудан кейін теңгенің құлдырау мүмкіндігін растайтын бірде-бір фактор жоқ екенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: UGC
"Біз алтынвалюталық активтерге байланысты өзгерістер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі аштық. Оның үстіне, сіздер біздің интервенция статистикасын көре аласыздар.

Курсқа байланысты әр түрлі тәуекелдер туралы айтқан кезде, біз жақында бірінші тоқсандағы төлем балансының статистикасын жариялағанымызды атап өткім келеді.

Осылайша, бізде ағымдағы шот немесе тауарлар мен қызметтер бойынша операциялар сальдосы плюс 800 млн АҚШ долларын құрап отыр. Өткен жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш минус 900 млн доллар болған", - деді ол.

Сонымен қатар, оның сөзінше, төлем балансы елден кеткенге қарағанда көп келеді.

"Барлық сандарға қараңызшы: мұнай бағасы, рубль бағамы, депозиттердің долларлануының өзгеру деңгейі. Яғни, теңгенің құлдырауын көрсететін бірде-бір фактор жоқ, тек қауесеттер ғана бар. Теңге бағамының ауытқуы күнде орын алады. Ал президенттік сайлаудан кейін елеулі ауытқулар болуы мүмкін емес", -деді Смоляков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1793828-prezidenttik-sajlaudan-kejin-tege-bagamy-zgere-me/

pixel