Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Норвегиялық ханшайым қара нәсілді сүйіктісін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Норвегия королі Харальд V мен патшайым Сонидің 47 жастағы қызы көпшілікке жаңа сүйіктісін көрсетті. Заңды күйеуінен үш жыл бұрын ажырасып кеткен ханшайымның таңдауы бұл жолы қара нәсілді жігітке түскен деп жазады spletnik.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шаман Дурек пен ханшайым Марта Луиза. Фото: spletnik.ru
Шаман Дурек пен ханшайым Марта Луиза. Фото: spletnik.ru: Instagram

47 жастағы Марта Луиза ресми түрде дүйім жұртқа өзінің жаңа сүйіктісін таныстырды. Ол жүрегін жаулаған ер адаммен түскен суретін өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Жазушы Ари Бенмен айырылысып кеткен ханшайым енді америкалық Шаман Дурекпен көңіл қосқан. Ажырасқан соң араға үш жыл салып, Марта Луиза сүйіктісін жолықтырған. Шаман Дурек емші болып қызмет етеді.

Шаман Дурек пен ханшайым Марта Луиза. Фото: spletnik.ru
Шаман Дурек пен ханшайым Марта Луиза. Фото: spletnik.ru: Instagram
"Ол маған шынайы махаббат бар екенін көрсетті. Ол менің күліп жүруім үшін барын салады. Мені өз отбасыңа асқан мейрімділікпен қабылдағаныңа рақмет, сүйіктім" , - деп жазған ханшайым.

Қара нәсілді жігітке ғашық болғаны үшін сынға қалатынын білген Марта Луиза бұл мәселеге қатысты да ойын айта кетті.

Шаман Дурек пен ханшайым Марта Луиза. Фото: spletnik.ru
Шаман Дурек пен ханшайым Марта Луиза. Фото: spletnik.ru: Instagram
"Мені сынамақ болғандарыңызға айтарым, асықпаңыздар. Мен үшін таңдауды сіздер жасамайсыздар. Мен ер адамды біреудің көңілінен шығу немесе сіздердің мен үшін ойлап тапқан шектеу мен талаптарға сай болу үшін таңдамаймын. Мен жүрек қалауыммен таңдаймын. Сол себепті, менің таңдауыма сыйластықпен қарауларыңызды сұраймын" , - деп жазған Марта Луиза.
Шаман Дурек пен ханшайым Марта Луиза. Фото: spletnik.ru
Шаман Дурек пен ханшайым Марта Луиза. Фото: spletnik.ru: Twitter

Айта кетейік, норвегиялық ханшайым Ари Бенмен 14 жыл бойы бірге тұрды. Олар Мод Ангелика, Лея Айседор және Эмму Таллула есімді үш қыздың ата-анасы атанған.

Алайда, ерлі-зайыптылар 2016 жылы ажырасып кетті. Бұл жағдай Норвегиядағы корольдік отбасы тарихындағы алғашқы ажырасу болды.

Ари Бен пен ханшайым Марта Луиза. Фото: spletnik.ru
Ари Бен пен ханшайым Марта Луиза. Фото: spletnik.ru: Getty Images

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1793765-norvegialyk-hansajym-kara-nsildi-sjiktisin-krsetti-foto/

pixel