Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сириядан оралған қазақстандық әйел 19 рет тұрмыс құрған келіншектер жайлы баяндады

Опубликовано:

33 жастағы қазақстандық келіншек Сириядағы өмірі жайлы айтып берді. 2013 жылы жолдасының соңынан жат елге аттанған әйел адам, Сирияда кей әйелдердің 19 рет тұрмысқа шыққанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иллюстрацяилық фото: pixabay.com
Иллюстрацяилық фото: pixabay.com: UGC

Келіншек 2010 жылы діни ұстанымы бар жігітке тұрмысқа шығыпты.

"Мен "джихадтың" не екенін білмедім. 2012 жылы ол жұмысқа кеткенін айтты. Алайда нақты қайда кеткендігін тіс жармады. Бір айдан соң байланысқа шықты. Ол кезде біздің 8 жасар қызымыз болды.

Сирияға Түркия арқылы өту оңай. Металл кедергілер жоқ. Біз кішігірім ауылға келдік. Бір апта өткен соң мен Отаныма қайтқым келді. Бірақ жолдасым елге қайтқанмен, онда бізді қабылдамайтынын айтты. 2017 жылға дейін мен сонда болдым. Сол жақта балалы болдым...

Жолдасым қайтыс болғаннан кейін, Отанға қайту туралы шешімге келдім. Бірақ қорықтым. Туған-туыстарыммен өте сирек хабарласып тұрдым. Елге қайтқым келетін ниетімді ата-анама айта алмадым, себебі ол жерде барлық әңгімелер бақыланатын арнайы орын бар. Егер айтсам, мені өлім жазасына кесетін еді", - дейді келіншек.

Сирияда екі бала тапқан келіншек 2017 жылдың наурызында бір ұлынан айырылған екен.

"Оның қай жерде және қалай өлгенінен хабардар емеспін, суреті де жоқ... Күйеуім бәрі тек Алла үшін деп айтатын", - дейді әйел адам.

33 жастағы келіншектің айтуынша, жолдасы қайтыс болған соң, әйелдері біраз уақыт бойы аза тұтады екен. Алайда отбасының асыраушысы болмағандықтан, қайта тұрмысқа шығуға мәжбүр болатын көрінеді.

"19 рет тұрмысқа шыққан әйелдер бар. Ол жақта ешкім азық-түлік бермейді, денсаулыққа да мән берілмейді, үйден де шығуға болмайды. Ол жақта әртүрлі әйелдер бар. Қазақстандық әйелдермен де сөйлестік. Олардың ешқайсысы елге қайту туралы тілектерін айта алмайды. Себебі бәрі тыңдалады.

Ұшақ келген сәтте және одан қазақша "Сәлеметсіз бе" деп амандасқанда, мен қатты қуандым. Қайтып келгенімізге төрт айға жуық уақыт өтсе де, мен әлі күнге дейін адамдармен тілдескен кезде жасқанамын. Ұлым екеуміз бейімделдік, басында біраз ауырдық та. Қазір бәрі жақсы", - дейді келіншек.

Айта кетейік, әйел адам алғашқы "Жусан" операциясы барысында елге жеткізілген екен. Еске сала кетейік, мамыр айының 7-9 аралығында арнайы операцияның екінші кезеңі ұйымдастрылған еді.

Оның нәтижесінде, 231 қазақстандық елге оралды. Олардың 20-сы терроризм күдігімен ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793675-siriadan-oralgan-kazakstandyk-jel-19-ret-trmyska-kelinsekter-zajly-baandady/

pixel