Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Қожаның бірінші әйелінен ажырасуына жас келіншегі себепкер болған ба?

Опубликовано:

Осыдан бірнеше жыл бұрын "Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі Мұрат Қожа үш қызының анасымен ажырасып, екінші рет шаңырақ көтерген болатын. Әнші көпшілікке өзінен 11 жас кіші келіншегі жайлы баяндап, оның алғашқы отбасының ойрандалуына қатысы жоғын кесіп айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Мұрат Қожа мен Айман Нұразханның жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Мұрат Қожа мен Айман Нұразханның жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әнші "Хабар" арнасының "Қарақатпен шай" бағдарламасында өзінің жан сырын ақтарды.

"Шығармашылық тоқырау да болды. Ән айтқың да келмейтін кездер болды. Менен 11 жас кіші, өзім ғашық болдым. Мені осы күйден алып шыққандардың бірінші қатарында Әйгерім бар. Қасымда отыратын тірегім ретінде мені қолдаған ғой.
Бірінші отбасыммен ажырасуға Әйгерімнің ықпалы жоқ деп айтуға болады. "Әйгерімге үйленейін деп жатырмын. Маған ажырасу керек" деген оймен кетпедім ғой. Ажырасқанымыз өзіміздің шешіміміз. Іштегі болып жатқан нәрсені ешкім білмейді, ешкімге айтпаймын", - дейді Мұрат Қожа.

Сондай-ақ әнші қазіргі таңда бірінші жұбайы Айман Нұразханда қалған қыздарымен телефон арқылы сөйлесіп тұратынын атап өтті.

"Қыздарыммен қазір телефон арқылы сөйлесіп жүрмін. Екі үлкен қызым өкпелейді. Мені ең түсінетіні кіші қызым. Естіген әңгімелері бар, бір әңгімелерінде "Сен бізді сатып кеттің" деген сияқты айтып қалды. Әке баланы ешқашан сатпайтынын түсіндіріп айттым. Әкелік құқықтан айырайын деген кезде де ол нәрсе болған жоқ. Мен "Олай жасатпаймын" дедім.
Қыздарым өсе-келе Әйгеріммен танысады ғой. Менің бірінші жұбайыммен сәлемім түзу. Көрген жерде амандасамын. Әйгерім енді менің өзімнің адамым. Қай жағынан болса да көңілім толады. Арамызда бала бар", - деп құпиясымен бөлісті Мұрат Қожа.

Естеріңізге сала кетейік, Айман Нұразхан өткен жылы әншімен ажырасуына не себеп болғанын ашып айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1793601-mrat-kozany-birinsi-jelinen-azyrasuyna-zas-kelinsegi-sebepker-bolgan-ba/

pixel