Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин-Роллс жекпе-жегінің уақыты анықталды

Опубликовано:

Геннадий Головкин бұрынғы қарсыласы Сауль Альвареспен өткен кездесудегі жеңілісінен кейін бірінші жекпе-жегін маусым айында өткізеді деп күтілуде. Бұл жолы қазақстандық былғары қолғап шеберінің бақталасы канадалық боксшы Стив Роллс болмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.сom
Фото: instagram.сom: Facebook

Бокс кеші 8 маусымнан 9-ына қараған түні Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өтеді.

Головкин мен канадалық боксшының кездесуін DAZN стриминг-платформасы таратады.

Sports.kz порталының мәліметінше, бокс кеші Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 03:00-де көрсетіледі.

Сондай-ақ, шоудың андеркарды әлі толықтай қалыптаспаған. Айта кетейік, онда Данияр Елеусінов өнер көрсетеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, кештің басты оқиғасы - Геннадий мен Ролсс жекпе-жегінің нақты уақыты анықталған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793496-golovkin-rolls-zekpe-zegini-uakyty-anyktaldy/

pixel