Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдошы смартфонға бола жекпе-жектен жеңіліп қалды

Опубликовано:

Португалиялық дзюдошы қалтасынан абайсызда түсіп қалған ұялы телефон үшін жекпе-жектен шеттетілді деп хабарлайды RT сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: UGC

Дзюдодан Үлкен дулыға турнирінің аясында өткен жарыс барысында португалиялық Анри Эгутидзенің қалтасынан ұялы телефон түсіп кеткен.

Аталған оқиға Эгутидзе мен қарсыласы шведтік Робин Пасекамен Бакуде өткен дзюдодан Үлкен дулыға турнирінде өткен жүздесу кезінде орын алған.

Мұны байқап қойған бақталасы бірден төрешіге белгі берді.

Татамиге бөгде заттарды алып шығуға тыйым салынғандықтан Эгутидзе техникалық жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1793485-dzudosy-smartfonga-bola-zekpe-zekten-zeilip-kaldy/

pixel