Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 15 таблетка дәрі ішіп қойған бала аман қалды

Опубликовано:

Түркістан облысында 2014 жылы туған бала дәрі ішіп қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: newizv.ru
Көрнекі фото: newizv.ru: Facebook

11 мамыр күні түнгі сағат 23.56-да жедел жәрдем қызметіне Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны хабарласып, жасы беске толмаған баласының дәрі ішіп қойғаны туралы хабарлаған.

Шұғыл жеткен жедел жәрдем дәрігерлері қажетті алғашқы медициналық көмекті көрсетіпті.

"Анасының айтуынша, бала 15 анаферон таблеткаларын жұтып қойған. Асқазан түтігімен таза суға дейін асқазаны тазаланды"-деп мәлімдеді дәрігерлер.

2014 жылы туған бүлдіршін анасымен бірге Келес аудандық ауруханасының балалар бөлімінде ем алып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793460-trkistan-oblysynda-15-tabletka-dri-isip-kojgan-bala-aman-kaldy/

pixel