"Шұлық сыйлаймыз": Елордалық арулар cүйіктісін мерекеде қалай қуантпақ?
Опубликовано:
Бас қаланың арулары "7 мамыр" Отан қорғаушылар күніне сүйіктілеріне қандай тосын сый тарту ететіндіктерін баяндап берді. Олардың кейбірі ер-азаматтарға шұлық сыйлаймыз десе, енді бірі романтикалық кеш әзірлейтіндіктерін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Блиц-сауалнамаға қатысқан Нұр-сұлтандық қыз-келіншектердің көпшілігі ер-азаматтарға түрлі сыйлық тарту ететіндіктерін айтты.
"Кітап сыйлаймын, одан артық сыйлық жоқ деп ойлаймын. Түсінетін жандарға, кітап баға жетпес сыйлық болуы керек", - дейді астаналық студент қыз.
Сауалнамаға қатысушылардың дені сүйіктілеріне қарапайым шұлық сыйлайтындарын жасырмады.
"Білмеймін, әлі ойланып көремін", "Күлкілі болса да айтайын, шұлық сыйлаймын", "Әзілдегідей шұлық сыйлай саламын", - деп күлді қыз-келіншектер.
Сондай-ақ, мерекеде ер-азаматтарына дәмді тағам мен романтикалық кеш ұйымдастыратын арулар да табылды.
"Балаларды ата-енеме тастап, өзіміз мейрамханаға тамақтануға баратын шығармыз. Тіпті мерекеге орай кейбір дәмханалар романтикалық кеш ұйымдастырады екен. Солардың біріне баруымыз мүмкін", - дейді олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792874-slyk-syjlajmyz-elordalyk-arular-cjiktilerine-kalaj-kttyktajtynyn-ajtty/