Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейбіт Әлібеков 41 жанның өмірін алған ұшақ өртенген әуежайда болған

Опубликовано:

Қазақстандық кәсіпкер, телерадио хабар тарату ассосациясының жетекшісі, Bentley Kazakhstan клубы мен First Media Group холдингінің негізін қалаушы Бейбіт Әлібеков Шереметьевода ұшақ өртенбес бұрын оқиға орнында болған. Бұл туралы ол өз Telegram-арнасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: soundcloud.com/ АГН Москва
Фото: soundcloud.com/ АГН Москва: UGC
"Бүгін Superjet ұшағының қайғылы жағдайы болмай тұрып, Шереметьеводан ұшып келдім. Сіздерге айтар кеңесім, ешқашан бұл ұшақпен ұшпаңыздар. Олар көбіне жөндеуде тұрады, Индонезиядағы алғашқы демо-ұшуы трагедияға айналған. Қаза тапқандардың жанұяларына қайғырып, көңіл айтамын",- деп жазған Бейбіт Әлібеков.

Айта кетейік,"Аэрофлот" әуе компаниясының Sukhoi Superjet 100-95B ұшағы 5 мамыр күні Шереметьево әуежайында өртенді. Төтенше жағдай нәтижесінде 41 адам көз жұмды. Олардың ішінде балалар да бар.

Желіде өртеніп жатқан ұшақтың ішінде түсірілген видео тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1792732-bejbit-libekov-41-zanny-mirin-algan-sak-rtengen-uezajda-bolgan/

pixel