Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматыдағы БҰҰ-ның жаңа кеңесіне барды

Опубликовано:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы БҰҰ-ның жаңа кеңесіне барды деп хабарлайды Ақорда.

фото: Ақорда
фото: Ақорда: Twitter

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 17 аймақтық бөлімшесі орналасқан кеңсесінің жаңа ғимаратын аралап көрді.

Президент халықаралық ұйым кеңсесінің ашылуы ел үшін ерекше маңызға ие - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен тұспа-тұс келуін жақсылыққа балады.

фото: Ақорда
фото: Ақорда: Twitter

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан БҰҰ қағидаттарын толықтай ұстанатынын және халықаралық қауымдастықпен қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау, адам құқықтарын қорғау мақсатындағы өзара іс-қимылдарын белсенді түрде жалғастыра беретінін айтты. 

"Бұл тамаша ғимарат Біріккен Ұлттар Ұйымының мүдделері үшін қызмет ететін болады. БҰҰ – барлық ел үшін ортақ үй. Біздің ынтымақтастығымыздың арта түсетініне сенімдімін. Әлем қауіпсіздігі жолында БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметін қолдай береміз", – деді мемлекет басшысы.
фото: Ақорда
фото: Ақорда: Facebook

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура Қазақстан президентіне алғыс айтып, бұл әсем ғимарат Алматы қаласының сыйы екенін атап өтті. Дипломат жаңа кеңсе Қазақстан мен БҰҰ-ның жақын достығы мен ынтымақтастығының белгісі болатынына сенім білдірді.

фото: Ақорда
фото: Ақорда: Twitter

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ұйымның жұмысшыларымен әңгімелесіп, кітапхананың және БҰҰ аймақтық бөлімшелер өкілдіктерінің жұмысымен танысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1791944-tokaev-almatydagy-b-ny-zaa-keesine-bardy/

pixel