Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанға FlyArystan ұшағының алғашқы рейсі қонды

Опубликовано:

Қазақстандағы алғашқы лоукостер FlyArystan әуе компаниясы ең алғашқы рейсін орындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: Facebook

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, "FlyArystan" әуе компаниясы Алматыдан Нұр-Сұлтан әуежайына 180 орындық Airbus A320 ұшағымен ұшып келді.

Қазіргі уақытта әуекомпаниясы 45 мың билет сатып үлгерген. Олардың басым бөлігі - жүксіз билеттерді құрайды.

Айта кетейік, бүгін Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Орал, Қарағанды, Павлодар, Шымкентке рейстер ашылды.

Фото: miid.gov.kz
Фото: miid.gov.kz: Facebook

Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостер жолаушылар тасымалының өсуін күтетінін алға тартты.

"Біз Қазақстанның жас ұрпақтарына ұшудың қолжетімділігі мен мобильділігі қажет ететіндігін білеміз.

"FlyArystan" бюджеттік әуекомпаниясының классикалық моделіне сәйкес құрылған, өз уақытында және өз сағатында пайда болды. Ішкі және халықаралық бағыттардағы жолаушылар тасымалының айтарлықтай өсуін күтеміз.
Уақыт өте келе шетелге рейстер ашуды жоспарлап отырмыз. Біз өңірлік экономикалардың серпінді өсуіне куә болып отырмыз және осы дамудың бір бөлігі болуға үміттенеміз",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791932-nr-sltanga-flyarystan-sagyny-algasky-rejsi-kondy/

pixel