Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанды әлемге танытқан отандық өнер иелері кімдер?

Опубликовано:

Тәуелсіз Қазақстан тарихында өнерімен өз елін ғана емес, әлем елдерін де мойындатқан жұлдыздар аз емес. KAZ.NUR.KZ бүгінгі топтамада өнерімен Қазақстанды әлемге танытқан отандық өнер иелерінің тізімін ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Атақты режиссер Тимур Бекмамбетовтың Атырау облысының тумасы екенін көпшілік біле бермейді. Талантты режиссер көпшілікке кеңінен танылған "Громовы»", "Ёлки" сынды атақты кинотуындылардың авторы. Ал жақында ғана Тимур Бекмамбетовтың Татарстан президентінің көмекшісі Наталья Фишманға үйленгені белгілі болды.

Қазақстанның атын дүниежүзіне асқақтатып жүрген топтардың бірі– атақты "Ұлытау" тобы болып табылады. 2001 жылы әйгілі топ АҚШ-тың Голливудында өткен дүниежүзілік байқауда Гран-при алып, алты алаштың абыройын асқақтатқан еді. Бүгінде танымал топ көпшілікті әлі де әсерлі концерттерімен қуантып жүр.

Көрнекі фото: Kazakh TV
Көрнекі фото: Kazakh TV: Twitter

Айрықша дауысымен елді өзіне қаратқан қазақ әншілерінің бірі – Роза Рымбаева. Қазақстанның атын бұрынғы Кеңес Одағы мен қазіргі ТМД елдеріне әйгілеген Роза Қуанышқызы күні бүгінге елдің сүйікті әншілерінің қатарынан табылып отыр. Әншінің екі ұлы Әли мен Мәди Оқаповтар да өнерге бет бұрған. Олардың бірі ән орындаса, енді бірі фортепианода ойнайды.

Рымбаевмен бірге ел мәртебесін асқақтатқан тағы бір топ – атақты "А’STUDIO" тобы. Бір кездері Джулия әнімен танылған танымал топ күні бүгінге дейін көптеген хит әндерді орындап жүр. Көп жылдар бойы топта өнер көрсеткен Батырхан Шүкенов те Ресей эстрадасының жарық жұлдызы қатарына кірген-ді.

Айта кетерлігі Ресей эстрадасын бағындырған отандық әншілер жетіп артылады. Олардың қатарында "MBAND" тобының мүшесі Анатолий Цой, әнші-рэпер Скриптонит, Jah Khalib, Natan, Nazima және т.б бар.

Сол сияқты белгілі актерлер Әсел Сағатова мен Санжар Мәди, Аружан Жазылбековалар да ресейлік көрермендерге етене таныс өнер иелерінің қатарында болып табылады.

Ерекше даусымен күллі әлемді өзіне қаратқан Димаш Құдайбергеннің орны қазақ эстрадасы тарихында тіптен бөлек. Әнші бүгінде Ресейден басқа АҚШ, Қытай сияқты әлемнің алпауыт елдері мен бірқатар Еуропа елдеріне кеңінен танымал.

Ел абыройын асқақтатқан тағы бір жас әнші Данелия Төлешова. "Голос. Діті. Украина" байқауы арқылы танылған өнерпаз күні кеше ғана "The World's Best" байқауына қатысып, ел мерейін тағы бір мәрте асқақтатқан еді.

Аталмыш жобаның ресейлік нұсқасында ақтық финалға дейін жеткен Максим Ержан да Қазақстан атын Ресейдегі ән байқауында шығарды. Соңғы турда Алсудың қызынан жеңіліс тапқан ол, елге келе сала Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында ән айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791832-105kazakstandy-lemge-tanytkan-otandyk-ner-ieleri-kimder/

pixel