KZ
Еліміздің делегациясы халықаралық туристік көрмеге қатысты
Новости Финансы

Еліміздің делегациясы халықаралық туристік көрмеге қатысты

Расказать Вконтакте

Қазақстан делегациясы 9-13 наурыз аралығында дәстүрлі халықаралық "ITB Berlin 2011" туристік көрмесіне қатысты, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

"Messedamm Berlin" көрме кешенінде өткен форумға әлемнің 188 елінің өкілдері қатысты.

Биржа жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының стенді, өткен жылдағыдай, "Азия/Австралия/Океания" санатында бірінші орын алды.

Ал екінші орынды - Корея, үшінші орынды Моңғолия иеленді. Форум аясында ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының елшілігімен бірлесіп, қазақстандық стендтің таныстырылымын өткізді.

Бұл шараға Дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рифаи мен "Messe Berlin" көрме кешенінің басқарма төрағасы Раймунд Хош қатысты.

Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген елші Нұрлан Онжанов, біздің еліміздің заманауи туристік мүмкіндіктері мен перспективалық жобалары туралы әңгімелеп берді.

Ал германиялық "Compass" компаниясы Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен, Кёльн қаласында Қазақстанның туристік бюросының және оның интернет-парақшасының - www.kasachstan-tourismus.de - таныстырылымын өткізді.

Бұл бюро бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, интернеттегі неміс тілді аудиторияға Қазақстанның туристік брендін таныстыру мәселелерімен айналысатын болады.

 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии