KZ
Қазақстанның сақтандыру нарығында  52% өсім байқалды
Новости Финансы

Қазақстанның сақтандыру нарығында 52% өсім байқалды

Расказать Вконтакте

Еліміздің сақтандыру нарығындағы даму үрдісі жалғасуда.

"Сентрас Иншуранс" сақтандыру компаниясы" АҚ-ның Басқарма төрағасы Талғат Үсенов бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Нарықта алғашқы айда қайта қаржыландырудың есебінен айтарлықтай өсім болды. 2010 жылы басталған өсім жалғасуда. Былтыр ол 16 пайызды құраған болатын. Жалпы қаңтардағы өсімге аса таңданудың қажеті жоқ. Өйткені, еліміздегі сақтандыру нарығы аса үлкен емес. Оған бірнеше ірі келісімшарттар айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Дегенмен, 52 пайыз жеткілікті деңгейде жоғары көрсеткіш", - дейді Талғат Үсенов. Оның пайымдауынша, сақтандырудың негізі санаттары нарықтық жағдайда.

Мәселен, автокөлік иелерінің міндетті сақтандыруында қаңтарда өсім 14 пайызды құрап, жинақ 2 миллиард теңгеден асты.

Жұмысшыларды бақытсыз жағдайдан міндетті сақтандырудағы өсім 28 пайыз болып, 1 миллиардқа жуық теңгені құрады.

Ал өзге міндетті сақтандыру өнімдері түрлеріндегі жинақ аса үлкен емес.

Cақтандырудың негізі санаттары нарықтық жағдайда

Т. Үсеновтың айтуынша, жеке сақтандыру блогында: бақытсыз жағдайдан сақтандыруда өсім 154 пайыз болып, абсолюттік көрсеткішті - 790 миллион теңгені құрады.

Ол мұны банктердің белсенділігімен байланыстырып отыр. Сол сияқты медициналық сақтандыру - 24 пайызға, өмірді сақтандыру - 83 пайызға артқан.

Мүлікті сақтандыру блогында: автокөлікті сақтандыру нөлдік көрсеткіште болып, жинақ 286 миллион теңгені құрады.

Онда бұған дейінгі жылдардағы құлдырау тоқтап, біртіндеп өсу үдерісі басталды.

Сондай-ақ жүкті сақтандырудағы өсім 233 пайыз, мүлікті сақтандырудағы өсім 2 еседен асып отыр.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии